конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Мақсат – тыйым салу емес, денсаулықты қорғау

Мақсат – тыйым салу емес, денсаулықты қорғау

Керек кеңес Бүгін 12:16 47
Мақсат – тыйым салу емес, денсаулықты қорғау
aqshamnews.kz

Балалардың күнделікті тағам таңдауы олардың денсаулығына ғана емес, болашақтағы тамақтану әдеттеріне де әсер етеді. Осыған байланысты құрамында қант, тұз, қаныққан және транс майлары шамадан тыс көп өңделген өнімдерді анықтауға мүмкіндік беретін қоректік заттар профилін әзірлеу маңызды бағыттардың біріне айналып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қоректік заттардың профилін анықтау – тағам өнімдерін олардың құрамындағы негізгі қоректік компоненттерге қарай жіктеу және саралау әдісі. Мұндай тәсіл халық арасында, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алуға бағытталған.

Мәселенің өзектілігі тек азық-түліктің құрамымен шектелмейді. Өнімнің қалай жарнамаланатыны да маңызды. Азық-түлік маркетингі белгілі бір тағамға қызығушылық қалыптастырып, оны сатып алу мен тұтынуға ықпал етуі мүмкін.

Әсіресе балалар мен жасөспірімдер маркетингтік тәсілдердің ықпалына бейім. Түрлі-түсті қаптама, мультфильм кейіпкерлері, ойындар, сыйлықтар және әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы олардың назарына көбіне қант, кондитерлік өнімдер, фастфуд, дайын таңғы ас және тұзы мен майы көп басқа да өнімдер ұсынылады.

Мұндай өнімдерді шамадан тыс тұтыну дұрыс тамақтану әдеттерінің қалыптасуына кедергі келтіріп, артық салмақ пен семіздікке, сондай-ақ бірқатар жұқпалы емес аурулардың даму қаупінің артуына ықпал етуі мүмкін.

Балаларға бағытталған азық-түлік маркетингінің ықтимал зиянын ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларға арналған тағамдар мен алкогольсіз сусындар маркетингіне қатысты ұсынымдар әзірлеген.

Осы бағытта «2025–2026 жылдарға арналған дұрыс тамақтануға жәрдемдесу» іс-шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасына тиісті шаралар енгізіліп, қоректік заттар профилін әзірлеу жұмыстары қолға алынды.

Жаңа тәсіл өнімнің құрамындағы қаныққан майлар, транс май қышқылдары, бос қанттар мен тұз мөлшерін бағалауға мүмкіндік береді. Соның негізінде балаларға бағытталған жарнамада қандай өнімдердің басым екеніне, олардың қаншалықты жиі және қандай тәсілдермен ұсынылатынына мониторинг жүргізуге болады.

Қоректік заттар профилін енгізудің негізгі міндеті – жекелеген тағамдарды «жақсы» немесе «жаман» деп бөлу емес. Оның мақсаты – өнімнің құрамын объективті бағалауға мүмкіндік беретін бірыңғай өлшем қалыптастыру.

Мониторинг нәтижелері балаларға бағытталған қант, тұз және зиянды майлары көп өнімдер маркетингінің ауқымы мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Ал алынған мәліметтер негізінде балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған тиісті шаралар қабылдануы мүмкін.

Бұл ретте ата-аналардың тағамдық сауаттылығын арттыру да маңызды. Өнімнің жарнамасына немесе қаптамасына ғана емес, оның құрамына назар аудару, қант, тұз және май мөлшерін салыстыру – дұрыс таңдау жасаудың қарапайым тәсілдерінің бірі.

Баланың дұрыс тамақтану мәдениеті тек отбасы дастарқанында қалыптаспайды. Оған дүкендегі өнімдер, мектептегі тағам, теледидар мен әлеуметтік желілердегі жарнама да әсер етеді. Сондықтан балалар үшін пайдалы тағамды таңдауды жеңілдететін қауіпсіз ақпараттық және тағамдық орта қалыптастыру – қоғамдық денсаулықты сақтаудың маңызды шарты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #денсаулық #тамақтану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Үшкемпіров көшесінің аумағында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 12:44

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсті

Бүгін 12:20

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Бүгін 12:17

Балаға жарнама қалай әсер етеді?

Бүгін 12:08

Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);