ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Мансап жолы: еңбек пен шеберлікке бастайтын тағылы...

Мансап жолы: еңбек пен шеберлікке бастайтын тағылымды кездесу

Алматы 05.10.2025, 14:02 429
Мансап жолы: еңбек пен шеберлікке бастайтын тағылымды кездесу
сурет: Алматы әкімдігі
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жастарға арналған тағылымды шаралар өткізіп келеді. Соның бірегейі – «Еңбек пен шеберлік»...

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жастарға арналған тағылымды шаралар өткізіп келеді. Соның бірегейі – «Еңбек пен шеберлік» жобасының төртінші кездесуі «Мансап жолы» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жиынның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты еңбекке баулу, болашақ мамандық таңдауда сенімді бағыт беру, сондай-ақ өндіріс, құрылыс және сәндік-қолданбалы өнер салаларындағы сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру болды.

Кездесуге еліміздің табысты компанияларының басшылары арнайы шақырылды. Олардың қатарында «SHERTER» компаниясының жетекшісі Дильманов Бахыт Әлиевич, «Орынбасарұлы» компаниясының басшысы Орынбасарұлы Елжас және «Zamanauy» компаниясының негізін қалаушы Сәрсебек Заманбек Сәбитұлы бар. Бұл тәжірибелі мамандар еңбек жолдары мен кәсіби тәжірибелерін ортаға салып, жастарға құнды кеңестер берді.

Спикерлер өз кәсіптерінің қалыптасу тарихын, еңбек жолындағы алғашқы қадамдарын, кездескен қиындықтары мен жеткен жетістіктерін ашық әңгімеледі. Әрқайсысы кәсібилікке жетудің басты шарттары – еңбекқорлық, адалдық және үздіксіз ізденіс екенін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, табысты кәсіпиелерімен еркін пікір алмасты. Мұндай ашық сұхбат жастарға еңбекке деген құлшыныс сыйлап, кәсіби бағдарын айқындауға септігін тигізді.

Шара соңында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының өмірде қаншалықты қажет екенін тағы бір мәрте сезініп, болашақта мамандық таңдауда сенімді бағыт алғандарын атап өтті.«Мансап жолы» атты кездесу – еңбек пен табандылықтың құндылығын дәріптеген тағылымды басқосу болды. Бұл жиын жастардың кәсіби көзқарасын қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімін арттырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.