ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / МӘМС арқылы оңалтудан қалай өтуге болады?

МӘМС арқылы оңалтудан қалай өтуге болады?

Медицина 17.03.2025, 12:14 581
МӘМС арқылы оңалтудан қалай өтуге болады?
almaty-akshamy.kz
Бүгінде медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі бағасы қымбат әрі ең сұранысқа ие  қызметтердің бірі. Реабилитацияны инсульт немесе жарақат алған, тізе немесе...

Бүгінде медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі бағасы қымбат әрі ең сұранысқа ие  қызметтердің бірі. Реабилитацияны инсульт немесе жарақат алған, тізе немесе жамбас буындарын алмастырған, түрлі созылмалы аурулармен ауыратын пациенттер қажет етеді.

2025 жылы Алматы қаласы бойынша МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін реабилитациялық қызметтерге 8 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Қызметті Алматы қаласындағы 81 емдеу мекемесі көрсетеді. 
Сақтандыру арқылы медициналық оңалтудан кімдер өте алады? Реабилитациядан өту жолдары қандай? Осы және өзге де сауалдарға Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы өкілдері жауап берді. 

Медициналық оңалту қызметін қандай клиникалар көрсетеді?
2025 жылы Алматыда 81 ұйым медициналық оңалту қызметін көрсетуге тапсырыс алды. Тізімге емханалар, ауруханалар, жеке меншік медицина орталықтары, оңалту және спорттық-оңалту кешендері, шипажай кешендері, медициналық-әлеуметтік мекемелер, емдеу-сауықтыру кешендері енген. Олардың тізімімен Қордың  msqory.kz ресми сайты арқылы танысуға болады.

Медициналық оңалту кімдерге көрсетіледі?
Реабилитациядан:
- негізгі немесе созылмалы ауруды емдеу қажет болғанда;
- инсульт т.б. сынды ауыр науқастардан кейін;
- кейбір хирургиялық операциялардан кейін;
- жарақат алғаннан кейін;
- сырқат салдарынан адамның қимыл-қозғалысы шектелген жағдайларда өтуге болады.

Пациент бұрын оңалтудан өтпеген. Неден бастаған жөн?
1. Кез-келген пациент медициналық қызметке жүгіну үшін ең алдымен тіркелген емханасына барады. 
2. Емдеуші дәрігер реабилитолог маманнан немесе мультидисциплинарлық топ мамандарынан консультация алуға жібереді. 
3. Олар аурудың пайда болуы мен күшею қарқынына, сырқаттың денсаулық жағдайына байланысты мәліметтерді ескере отырып, оңалтуға деген қажеттілік бар-жоғын айқындайды. Бастапқы реабилитациялық диагноз қойып, пациент денсаулығын қалпына келтіру жоспарын, курстың мерзімін т.б. анықтайды.
4. Егер кешенді тексеру нәтижесінде реабилитация тиімді деп табылса, пациент оңалтудан амбулаторияда, стационарда, стационарды алмастыратын емдеу мекемесінде, үйде өте алады. Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады.  

Медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады

Біріншісі ауруы асқынып тұрған науқастарға, хирургиялық операция жасатқан, жарақат алған адамдарға арналған. Ол стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі.
Егер ауруханаға жатқызу қажет болмаса, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін және негізгі ауру емделіп болғаннан кейін пациент оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.
Оңалтудың екінші кезеңі мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, мамандандырылған оңалту орталықтары мен көпбейінді стационарлар базасында өтеді. Бұл кезең ауру басталған сәттен бастап алты  ай ішінде жүргізу қажет. 
Үшінші кезеңде медициналық оңалту емхана-амбулатория деңгейінде, күндізгі және тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлер мен курорттарда, үйдегі стационар жағдайында, сондай-ақ қашықтықтан жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.