Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар мүгедектігі бар қазақстандықтардың тұрмыс...

Мамандар мүгедектігі бар қазақстандықтардың тұрмыстағы мүмкіндіктері кеңейетінін айтты

Әлеумет 05.07.2022, 05:48 1,606
Мамандар мүгедектігі бар қазақстандықтардың тұрмыстағы мүмкіндіктері кеңейетінін айтты
Сурет: Inform.kz

Бүгінгі таңда көмекке мұқтаж адамдардың 62,4 пайызы қамтылды.

Бүгінгі таңда көмекке мұқтаж адамдардың 62,4 пайызы қамтылды. 


Мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстағы шектеулерді еңсеруіне мүмкіндік беретін қызметтер мен техникалық құралдар арнайы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Биылдың өзінде портал арқылы 214 мың қызмет көрсетілді. Яғни, көмекке мұқтаж адамдардың 62,4 пайызы қамтылды. 



«Бұрын осы жұмыстың бәрі жергілікті жерде атқарылатын. Сәйкесінше, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар қызметіне сын-ескерту өте көп айтылып келген. 2021 жылы порталдың іске қосылуы жеке оңалту бағдарламаларының орындалуын 87 пайызға жеткізді. Сонымен бірге, оңалтуға қажетті құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету мерзімін 8 айдан 14 күнге дейін қысқартты», - деді Тамара Дүйсенова Үкіметтің бүгінгі отырысында. 



Министрдің айтуынша, портал барлық мұқтаж адамның қай жерде тұрғанына қарамастан, қызметтер мен техникалық құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз етті. Құрал-жабдықтар мен қызметтерді және оны берушіні әркім өзі таңдау мүмкіндігіне ие болды. 



«Дегенмен құралдарының сапасына, өнім өндірушілердің баға саясатына және олардың өз міндетін адал әрі ұқыпты атқаруына байланысты әлі де мәселелер бар. Осыған орай, оңалту қызметі мен құралдардың стандарты, баға саясаты және тиісті қызметті ұсынушыларды порталға тіркеу шарттары қайта қаралатын болады. Бұл шаралар қызмет көрсету нарығын дамытуға жағдай жасауға және қызмет ұсынушыларды әділ бәсекеге ынталандыруға бағытталған», - дейді Еңбек министрі.






 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #Қазақстан #азамат #Мүгедектігі бар адамдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

-colors"> ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады 20:39

-colors"> Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды 19:17

-colors"> Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді 17:40

-colors"> Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады 17:23

-colors"> Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.