ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге даярлық...

Мамандар егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге даярлық туралы айтты

Әлеумет 17.03.2022, 12:37 1,332
Мамандар егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге даярлық туралы айтты
Сурет: Kabar.kg
Фермерлер үшін барлық жағдай жасалған.

Фермерлер үшін барлық жағдай жасалған.


Ауыл шаруашылығына жауапты мамандар сапалы егіс науқанына дайындық қалай жүргізіліп жатқанын айтты,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, фермерлер тұқыммен қамтамасыз етілді, техниканың дайындығы 95% деңгейінде (егіс жұмысы басталарда 100% болады), жалпы соманы 140 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қаржыландыру көлемін 70 млрд теңгеге ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 80 млрд теңгеге дейін бағыттайды, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе көп», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, ағымдағы жылы АӨК мемлекеттік қолдау жүйесі өзгеріссіз қалады, бұл фермерлерге қосымша қиындықтарсыз егіс жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, 29,7 млрд теңге көлемінде пестицидтерді субсидиялау бағдарламасын қаржыландыру қамтамасыз етілді, бұл егіс алаңын 100% өңдеуге мүмкіндік береді. Шамамен 659 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр.



«Сонымен қатар, қазіргі күрделі жағдай фермерлерді отандық минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету мәселелерін объективті түрде көтеруге мәжбүр етеді.Тыңайтқыштардың құны түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер ететінін ескере отырып, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, минералды тыңайтқыштардың бағаларын төмендету бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде», - делінген министрлік хабарламасында.



Осылайша, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «ҚазАзот» компаниясының басшылығымен өткен кеңесте тараптар отандық аммиак селитрасының бағасын биылғы 16 наурыздан бастап 200 мыңнан 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешімге келді.



«Сапалы егіс науқанына дайындық мәселелері ерекше бақылауда және Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берілген тапсырмасына сәйкес күшейтілетін болады», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.