Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар биыл ауылдарды дамытуға 128 млрд теңге бө...

Мамандар биыл ауылдарды дамытуға 128 млрд теңге бөлінгенін айтты

Әлеумет 24.11.2022, 10:39 1,663
Мамандар биыл ауылдарды дамытуға 128 млрд теңге бөлінгенін айтты
Сурет: Inbusiness.kz
"Ауыл - ел бесігі" жобасын іске асыру барысын баяндалды.

"Ауыл - ел бесігі" жобасын іске асыру барысын баяндалды.


Қазақстан Үкіметі ауылдарды дамытуға қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz cілтеме жасап. 


Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр "Ауыл - ел бесігі" жобасын іске асыру барысын баяндады.



"Елімізде 6293 ауыл бар және бұл елді мекендерде 8 миллионға жуық адам тұрады. Бұл өз кезегінде халқымыздың 41 пайызына тең. 2019 жылдан бастап "Ауыл - ел бесігі" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – әлеуеті бар 3,5 мың ауылда инфрақұрылымды дамыту. 2019-2021 жылдары бұл жобаға 200 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 665 ауылда тиісті инфрақұрылым жасалды", - деді Роман Скляр.



Оның айтуынша, ауылдың жағдайын жақсартуға жеке инвесторлар да үлес қосып жатыр. 2019 жылдан бастап олар 57 млрд теңге қаражат салып, 2 мыңға жуық жобаны іске асырды. Биыл "Ауыл - ел бесігі" жобасына 128 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 576 ауылға бағытталып отыр. 2023 жылы 140 млрд теңге бөлініп, 663 ауыл қамтылмақ.



"Ауыл халқының ең басты проблемасы - жұмыспен қамту. Бұл бағытта не істеп жатырмыз? "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша 66 мың адамды кәсіпкерлікке үйреттік, өз кәсібін ашу үшін 10 мың ауыл тұрғыны 50 млрд микрокредит алды, яғни 6 пайызбен 7 жылға дейін. Жақында Жамбыл облысында бір пилоттық жобаны іске асырдық. Ол бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік палата арқылы ауыл тұрғындарының кәсібіне 2,5 пайыздық несие берілді. Пилоттық жоба жақсы нәтиже берді. Сондықтан келесі жылы оны барлық өңірге таратамыз. Оған 52 миллиард теңгеден астам бөлінеді. Соның есебінен 11 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырмыз", - деді Роман Скляр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,461 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,351 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,993 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.