AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мамандар ауыл шаруашылығы жерлері қашан толық цифр...

Мамандар ауыл шаруашылығы жерлері қашан толық цифрландырылатынын айтты

Әлеумет 11.03.2022, 06:24 1,295
Мамандар ауыл шаруашылығы жерлері қашан толық цифрландырылатынын айтты
Сурет: Agrotime.info

Бұл жұмыс екі жылда аяқталады.


Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жеделдетіледі. Бұл туралы Сенатта Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысының жерді ауыл шаруашылығына тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жерді қашықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғарыш мониторингі жүйесінің қанатқақты жобасы өтті. Осы жобаның аясында қазір пилотты өңірлердің ғарыш мониторингі қорытындысы бойынша 8,3 млн гектарға тарта пайдаланылмайтын жер анықталып, оның ішінде 2,6 млн гектар жайылым жері келіскен түрде мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғастырылып жатыр», - деді Б. Бекбауов Сенаттағы цифрландыру технологияларын ауыл шаруашылығына ендіру тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.



Оның айтуынша, қазіргі кезде цифрландыруға арналған әрі талап етілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің 39 пайызы цифрландырылған.



«Қазіргі технологияларды қолдана отырып, қалған 61 пайыз жер бөлігін біз 5 жылда цифрландырып, меңгереміз деп жоспарлаған едік. «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде бұл жұмысты екі жылда аяқтамақпыз. Яғни бес жылдан екі жылға қысқартамыз», - деді вице-министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #үкімет #цифраландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);