ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мәжіліс депутаты қазақ тілін үйрену мәселесіне қат...

Мәжіліс депутаты қазақ тілін үйрену мәселесіне қатысты сауал жолдады

Саясат 30.03.2022, 05:36 1,863
Мәжіліс депутаты қазақ тілін үйрену мәселесіне қатысты сауал жолдады
Сурет: Inform.kz
Қазақ тілі қоғамның ынтымақ, бірлігінің уығы, елдің консолидацияның тірегі болуы тиіс - Ерлан Саиров

Қазақ тілі қоғамның ынтымақ, бірлігінің уығы, елдің консолидацияның тірегі болуы тиіс - Ерлан Саиров


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа қазақ тілін үйренуге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі өте күрделі геосаяси жағдай еліміздің ішкі саясатының көптеген аспектілерін қайта қарауды талап етеді. Осынау терең мәселенің бірі - тіл саясаты, оның ішінде мемлекеттік тілді үйрену проблемасы. Мемлекеттік тілді үйрету, оған баулу ыждаһатты түрде бола отырып, өзара сыйластық пен бауырластыққа әкелуі қажет. Мемлекеттік тіл қоғамның ынтымағының, бірлігінің символына айналуы, осы тұрғыда, мемлекеттік тілді үйретудің бағдарламаларының тиімділігі, тіл үйренушілерге нақты көмек жасауға қабілеттілігі тұрғысынан аудит жүргізу өте маңызды», - деді Мәжіліс депутаты.



Оның атап өтуінше, AMANAT партиясы сайлауалды бағдарламасында мемлекеттік тілді дамытуға баса назар аударылған. Сондықтан, мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған қаржы қайда, қалай жұмсалып жатыр? Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған оқу-үйрету бағдарламаларының тиімділігі жөнінде қанша адам үйреніп шықты, қанша адам тілдік бірінші, екінші сатыға өткендігі жөнінде сараптама жасау қажет. Ерікті азаматтардың қазақ тілін үйренемін деушілерге әдістемелік тәсіл жағынан көмектесуге қабілетті бағдарламаларын мемлекеттік органдар қаншалықты тиімді қолдануда? Осы мәселелер бойынша Үкіметтің құзырлы органдарының қоғам алдында есеп беруін сұраймыз», - деді ол.


Депутат мемлекеттік тілді дамытудың арғы жағында ел мен жер мәселесі тұрғанына баса назар аударды.



«Мемлекет мығым болуы үшін ана тіліміз асқақтауы маңызды. Қазақ тілі қоғамның ынтымақ, бірлігінің уығы, елдің консолидацияның тірегі болуы тиіс. Осы мәселе бойынша шешім қабылдап, қарау нәтижелерін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауды сұраймыз», - деді Ерлан Саиров.






Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.