ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарғ...

Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарға қатысты

Саясат 18.06.2021, 12:50 2,471
Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарға қатысты
Сурет: Gov.kz.
Мәжіліс депутаттары Ташкент қаласында өткен халықаралық форумға қатысты

Мәжіліс депутаттары Ташкент қаласында өткен халықаралық форумға қатысты


Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарға қатысып, елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастық топтардың жетекшілерімен кездесті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева бейнеконференция арқылы «Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбына арналған Ташкент қаласында өткен халықаралық форумға қатысты,  деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. Парламент баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап.


Отырыста сөз сөйлеген вице-спикер Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейлерде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерінде елеулі күш-жігер жұмсағанына тоқталып, Қазақстанның ауған жастарын қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Павел Казанцев пен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының депутаты Светлана Любецкая бейнеконференция форматында кездесіп, Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.


Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін қазақстандық және Беларусь парламентшілерінің өзара іс-қимылына назар аударды. Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылы ішінде жоғары деңгейде сенімді саяси диалог пен терең экономикалық байланыстар орнағанын, екі ел арасында жан-жақты өзара іс-қимыл тиімді дамып келе жатқанын, сондай-ақ қажетті нормативтік-құқықтық база құрылғанын атап өтті.


Айта кету керек, осы жылдар ішінде 100-ден астам екіжақты құжатқа қол қойылған. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Біріккен Араб Әмірліктері, Польша және Түркия парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар аясында онлайн-форматта осындай кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Парламентте Сербияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владан Матичпен кездесті. Онда экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық және парламентаралық диалогты дамыту мәселелері талқыланды.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.