ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Мажарстанда Абайдың тағы бір мүсіні ашылды

Мажарстанда Абайдың тағы бір мүсіні ашылды

Әлем 28.08.2021, 20:26 1,498
Мажарстанда Абайдың тағы бір мүсіні ашылды
сурет: Inform.kz
Мажар студенттері Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Өлең - сөздің патшасы» шығармаларын мажар және қазақ тілдерінде орындады.

Мажар студенттері Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Өлең - сөздің патшасы» шығармаларын мажар және қазақ тілдерінде орындады.


Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мажарстанның Мемлекеттік жиналысы спикерінің орынбасары Шандор Лежактың қолдауымен Лакителек халық институтында қазақ ақыны және ағартушысы Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мажарстанның саяси қайраткерлері, академиялық және қоғамдық топтарының өкілдері қатысқан рәсім барысында Ш. Лежак көрнекті ақын және ойшыл Абайдың шығармашылық мұрасы батыс және шығыс мәдениетін рухани байланыстыратынын айтты. 
Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Михай Варга Мажарстан Үкіметі «Шығысқа терезе» сыртқы саяси стратегиясы шеңберінде ғылыми-мәдени мұра саласындағы екі ел арасындағы қатынастарын дамытуды жалғастыратынын атап өтті. 
Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдірашов Абайдың еңбектері елдер мен халықтардың жақындасуына септігін тигізетінін, ал оның рухани мұрасы арқылы мажар жастары қазақ даласының мәдениетімен таныса алатынын жеткізді.
Іс-шара аясында мажар студенттері Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Өлең - сөздің патшасы» шығармаларын мажар және қазақ тілдерінде орындады. Сонымен бірге елшінің қазақ тілі мен Қазақстан мәдениетін оқып жатқан мажар студенттерімен кездесуі өтті. Абай мүсіні Мажарстанның рухани орталықтарының бірі саналатын Лакителек халық институтының бағында орнатылған.


Қазіргі уақытта институт әлемдік тілдер мен мәдениеттерді зерттеуге арналған бірегей жоба құрды, мажар жастары арасында кеңінен танымал болды. Қазақстан, Ресей, Беларусь және Моңғолиядан келген жетекші шетелдік ғалымдардың, лингвистердің, мәдениеттанушылардың және басқа да мамандардың осы елдердің мәдениеті мен тарихын зерделеу бойынша студенттерге арналған оқыту іс-шараларын өткізу жөніндегі жобаға қатысуы ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.