Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Майқайыңның мамыражай жатқан жұртынан тыныш кетті

Майқайыңның мамыражай жатқан жұртынан тыныш кетті

Әлеумет 13.03.2024, 04:41 807
Майқайыңның мамыражай жатқан жұртынан тыныш кетті
Сурет: Almaty.tv

Жер астына түсіп кеткен екі құтқарушының денесі табылған жоқ


Адамдар мінген автобус шыңырауға түсіп кеткен Майқайың кентінде төтенше жағдай жарияланды. Бұған дейін өңірге қарасты Шанхай шағынауданының азаматтары «құтқарушылардың тағдырын қайталаймыз ба?» деп қорқатын. Ел уайымын естігендер ендігіде опырылып кеткен аумаққа жақын маңдағы тұрғын үйлерді тексеруді бастайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Ал, жер қойнына жұтылып, денесі әлі табылмаған қос құтқарушының жақындары шырыл қағып, тағы да комбинатқа келді. Қайғыдан қан жұтқандар іздеу жұмысының тоқтап қалғанына қапалы. «Апат болғалы арада 2 айдан көп уақыт өтсе де, компания басшылығы жұбату сөз, жөнді әрекетке жарымады» деген олар іздеусіз қалған құтқарушылардың денесін алып, жер қойнына тапсыруға асық.


«Майқайың алтын» шахтасындағы апат 4 қаңтарда болған. Екі ай іздеу жұмыстары жүргізілгенімен жер астына түсіп кеткен екі құтқарушының денесі сол күйі табылған жоқ. 36 жастағы Айдос Шаймерден мен 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің туыстары іздеу жұмыстарын қайта жалғастыруды сұрап, зар жылайды.



– Бар тілегіміз – адам сияқты жерлеп, жер қойнауына тапсыру. Ертең мен оның балаларын қай жерге апарамын? «Әкем қай жерде жатыр?» деп сұрайды. Топырақтың астында қалды деймін бе? Қай топырақтың астында қалғанын да білмейміз. Балаларына не деп айтамын? Сол үшін бауырымның сүйегін алып беруді талап етемін, – деді Айдос Шаймерденнің туысы Айтжан Қайкина.



Ақпанда кен байыту комбинаты біресе тоқтап, кейін қайта жұмысын бастаған. Бұған себеп, қордағы алтын рудасының таусылуы болды. Жер астындағы топырақтың опырылу қаупі жоғары болғандықтан арнайы комиссия іздеу шараларын да уақытша тоқтатып еді. Бірақ қара жамылған азаматтар жұмыстың жалғаспауына қауіп емес, қаражат кедергі болуы мүмкін деп секемденіп отыр.



– 60 күннен асып кетті. Ешқандай жұмысына риза емеспіз, жарты жолда тоқтатып тастады. Мұндай жұмыс қанағаттандырмайды. Не себепті? Бізге қағаз жүзінде көрсетсін, – деді Айып Тілеубергеновтың туысы Аманжол Тілеубергенов.



Құтқарушылардың туыстары апат болғалы комбинат алдын күн сайын күзетеді. Қайғыдан қан жұтқан азаматтарға басу айтуға да жарамаған комбинат басшылығы әрең жауап берді.  



– Ақша бар, бірақ ол қаржы кәсіпорынды іске қосу мен ары қарайғы жұмысқа арналған. Апат орны әлі де қауіпті аймақ деп саналады, сондықтан ол жерде жұмыс жүргізе алмай отырмыз. Басқалардың өмірін қатерге тіге алмадық, – деді «Майқайыңалтын» АҚ директоры Қуаныш Ботин.



Айдос Шаймерден мен Айып Тілеубергеновтің денесін іздеу жұмысы қашан басталатыны әзірге белгісіз. Төтеншеліктер мұндай жұмыстар комиссия шешімінен кейін ғана белгілі болатынын айтты.



– Заң бар, екіншіден, нормативті құқықтық актілер бар. Содан кейін ереже бар. Марқұмдардың отбасының мұңына да алаңдап отырмыз. Адамгершілікті ұмытпадық. Қауіпсіз десе, іздеуді жалғастырамыз, – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев.



Үміті үзілмеген қос құтқарушының туыстары компания басшылығының шешімін күтумен күн өткізіп жатыр. Ардақты азаматтарының денесін алып, ата дәстүрмен жер қойнына тапсыру – олардың әуелгі арманына айналған.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Майқайың #төтенше жағдай #комбинат #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.