конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Ші...

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Мәдениет 07.04.2026, 18:38 519
Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Алматыда 15-16 сәуір күндері «Almaty theatre» сахнасында «Шідер» қойылымының премьерасы көрерменге жол тартады. Бұл туынды Қазақстандағы алғашқы детектив-драма ретінде ұсынылып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қойылымның өзегінде махаббат пен парыз арасындағы тартыс жатыр. Шығармада бір дәуірдің перзенттері Қосан мен Ақжанның тағдыры суреттеледі. Оларды табыстырған – Алматының ыстық көшелері, ал айырған – өмірдің күрделі жолы. Бірі ел үшін үнсіз қызмет еткен барлаушы болса, екіншісі – мемлекет қауіпсіздігін шетте жүріп қорғаған азамат.

Спектакльде екі егемен елдің мүддесі, барлау әлемінің құпиясы, жеке сезім мен ел алдындағы жауапкершілік арасындағы күрес көрініс табады. Туынданың негізгі идеясы – ел тағдыры мен адам жанының нәзік иірімдерін қатар ашу.

Қойылым авторы – Бақытжан Қаратегі. Сахналық нұсқасын Мирас Әбіл әзірлеген. Ал режиссері – Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде де танымал суреткер Әлібек Өмірбекұлы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спектакль жастардың патриоттық рухын көтеріп, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Болат пен «Құрмет» орденінің иегері Ержан Нұрымбет сомдайды. Қойылымның жанры – детектив-драма, ұзақтығы 2 сағат, жас шектеуі – 16+.

Премьера 15-16 сәуір күндері сағат 19:00-де «Almaty theatre» ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 30.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);