конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу ба...

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Білім және ғылым 28.11.2022, 13:22 1,422
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Сурет: Ашық дереккөз

Қараша айында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 9 мыңнан астам өтініш қабылданды


4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап хабарлайды.


Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.


Қараша айында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 9 мыңнан астам өтініш қабылданды. Емтихан бүгін басталып, 1 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жалғасады.


Магистратураға түсу форматына келетін болсақ, биыл ешқандай өзгеріс жоқ. Сондай-ақ онлайн-апелляция беруге болады. Техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда оқуға тапсырушы апелляцияға тестілеу кезінде, ал тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді. Апелляция қарастырылған соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.



«Ғылыми-педагогикалық сала бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Шеткі балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет.


Жаздағы тестілеуде ережені бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар кешенді тестілеуге қайта қатысуға жіберілмейтінін атап өткен жөн.


Магистратураға түсушілер 4 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #магистратура #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);