AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мади Мырзағараев: әділдікке деген сенім қағаз жүзі...

Мади Мырзағараев: әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

Саясат 13.02.2026, 17:33 358 Сұлу
Мади Мырзағараев: әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады
Конституциялық сот

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев сөз сөйлеп, жаңа Конституциядағы «Заң мен Тәртіп» қағидасының мәнін және адвокаттық институттың қоғамдағы орнын туралы айтты.

Адвокаттар алқасы төрағасының айтуынша, адвокаттар күн сайын адамдардың тағдырымен, әділдікке деген үмітімен бетпе-бет келеді.

«Қағаздағы заң нормаларының артында әрдайым адам өмірі, құқығы мен бостандығы, атақ-абыройы, отбасы мен болашағы тұрады. Жаңа Конституцияда «Заң мен Тәртіп» қағидасы айқындалды. Бұл – еліміздің барлық құқықтық жүйесін қамтитын құндылықтарды жиындығы. Әрине «Заң мен Тәртіп» ұғымы қысымды күшейту немесе ережелерді қатаңдату деген мығына бермейді. Бұл – ең әуелі, заңды құрметтеу, заң алдындағы теңдік деген сөз», – деді ол.

Мади Мырзағараев бұл қағиданың азаматтардың құқықтарын қорғауға нақты кепілдік беретінін атап өтті. Жаңа нормаларға сәйкес, құқық қорғау органдары адамды ұстаған сәттен бастап оның құқықтарын түсіндіруге міндетті. Әр азаматтың білікті заң көмегін алу, қамауға алынған сәттен бастап өзін қорғау, кінәсіздік презумпциясы сақталуы сияқты негізгі кепілдіктері айқындалады. Сонымен қатар адамды өзіне немесе жақындарына қарсы айғақ беруге мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Спикердің сөзінше, бұл – қағидалар адвокаттар үшін тек декларация емес, заң мен заңсыздықтың арасын айқындайтын нақты өлшем. Егер азаматтарға құқықтары дер кезінде түсіндіріліп, қорғаушы іске кедергісіз кіріссе, ал сот кінәсіздік презумпциясын сақтаса, құқықтық жүйе тиімді әрі әділ жұмыс істей бастайды. Сол кезде әділдікке деген сенім де нақты істер арқылы нығаяды.

Жаңа Конституцияда жеке өмір мен деректерді, оның ішінде цифрлық ортадағы құпиялылықты қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінгені айтылды. Бұл – қазіргі цифрлық қоғам үшін аса өзекті бағыттардың бірі.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Конституциялық реформаны қолдау мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» деп аталатын жалпыұлттық коалициясы құрылды. Оның құрамына еліміздегі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, жастар бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары т.б. кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);