AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәдени мұра ұлттың рухани жәдігері

Мәдени мұра ұлттың рухани жәдігері

Әлеумет 12.03.2025, 12:20 1,230
Мәдени мұра ұлттың рухани жәдігері
Қайрат Қонысбаев

«М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты», ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясының, ҚР Материалдық емес заттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитетінің, Халықаралық түркі мәдениеті қорының және шығармашылық ЖОО-ның қатысуымен Қазақстанның тұңғыш Халық әртісі, этнограф-ғалым, композитор Александр Викторович Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының 100 жылдығына арналған «Әлем халықтарының мәдени мұрасы: этномузыка, этнофор, этнограф» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум ұйымдастырылды.

Симпозиумға Түркия, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасынан фольклортанушы, музыкатанушы ғалымдар арнайы келді.

Симпозиум аясында пленарлық және секциялық отырыстар қарастырылған. Негізгі бағыттары: «А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағы: тарих, теория және тәжірибе мәселелері», «Әлемдік және отандық гуманитарлық ғылым аясындағы А.В.Затаевичтің мұрасы»,  «Ұлттық мәдениеттегі этнофорлар (өнерпаздар) мен шығармашылық қауымдастықтар», «Зерттеушінің ауызша және жазбаша музыка дәстүрлерін зерделеудегі рөлі», «Дәстүрлі музыканың бүгінгі болмысы мен сабақтастық аспектілері», «Қазіргі кезеңдегі ұлттық өнер»,  «Түркі халықтарының рухани әлемі»,  «Тарих, этнография, филология және өнертану салаларындағы Мәдени құндылықтарды сақтау, зерттеу және насихаттау мәселелері». Симпозиум барысында «ХХ-ХХІ ғасырлардың  құндылық пен маңыздылық кеңістігіндегі А.В.Затаевичтің мұрасы: ғылым – мәдениет – қоғам» кітабының тұсаукесері, «Алпамыс батыр» эпосы бойынша көпұлтты номинация сарапшыларының қорытынды кездесуі, Түркі халықтарының фольклорлық ескерткіштерін басылымы жөніндегі халықаралық топтың отырысы көзделген.

 

«Биылғы жыл қазақ мәдениеті мен музыкасының атаулы жылы болып саналады. Белгілі этнограф-ғалым А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағы осыдан бір ғасыр бұрын жарық көрді. Бұл қазақ халқы, Орта Азия, әлем үшін де үлкен мол мұра болып қалды. Осындай рухани жауһар жәдігерлерді зерттеп, зерделеп, өскелең ұрпаққа насихаттап жеткізу керек», – деді М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Бас директоры, ҰҒА академигі К.Ісләмжанұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ халқының 1000 әні #Александр Викторович Затаевич
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);