AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / М. Бекетаев: Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жоб...

М. Бекетаев: Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары орындалды

Заң мен тəртіп 28.12.2021, 07:01 1,203
М. Бекетаев: Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары орындалды
Сурет: Еgemen.kz

Марат Бекетаев алдағы жылдың жоспарын таныстырды


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жылғы жоспарының орындалу барысы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап



«Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының екі мың жиырма бірінші жылға арналған жоспары 25 заң жобасын әзірлеуді және Парламент Мәжілісіне енгізуді көздейді. Қазіргі уақытта 25 заң жобасының 5-еуіне Мемлекет басшысы қол қойды, 1-еуін Парламент қабылдады, 18-і Парламенттің қарауында, бір заң жобасы бүгінгі отырыста қарастырылып, Парламентке енгізіледі», - деді министр.



Жыл барысында жоспарға Үкіметтің 4 қаулысымен түзетулер енгізілді, 3 заң жобасы бойынша Үкімет пен Парламентке енгізу мерзімдері ауыстырылды.


Бұл қоғамдық бақылау, инновацияларды ынталандыру және цифрландыруды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобалары. Үш заң жобасының атаулары өзгертілді. 


Жалпы, соңғы жылдары жоспардың орындалуы оң серпінді көрсетіп отыр. Ағымдағы жылы жоспарға қосымша заң жобаларын енгізу бойынша түзетулер болған жоқ. 2021 жылға арналған жоспар толықтай орындалды. Одан соң Марат Бекетаев 2022 жылға арналған жоспар жобасы туралы айтты.


Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен 2022 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі.


Бастапқыда жоспар жобасында Парламентке 31 заң жобасын әзірлеу және енгізу қарастырылған болатын Ағымдағы жылғы 10 қарашада жоспар жобасын таныстыру барысында жоспарланған заң жобаларының негізгі ережелері, сондай-ақ оларды әзірлеу негіздері баяндалды.


Ұсынылып отырған жоспар жобасы Президент Әкімшілігінің ескертулерімен пысықталды. Атап айтқанда, заң жобаларын Парламентке енгізу мерзімдері қайта қаралды, сондай-ақ тұжырымдамалары тиісті талқылауды талап ететін бірқатар бастамалар алынып тасталды. Қалған бөлігінде жоспар жобасы өзгертілген жоқ.



«Пысықталған жоспар жобасы 26 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Бірінші жартыжылдықта – 7 заң жобасын, екінші жартыжылдықта – 19 заң жобасын», - деп қорытындылады әділет министрі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #арналған #жобалау #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);