ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Луврдағыдай тонау ісі: Қазақстандағы шулы оқиғалар...

Луврдағыдай тонау ісі: Қазақстандағы шулы оқиғалар

Мұны білген жөн 05.11.2025, 09:22 308
Луврдағыдай тонау ісі: Қазақстандағы шулы оқиғалар
depositphotos.com
19 қазанда Париждегі Луврды тоналды. Онда Наполеонның екінші жұбайы Мари-Луиза жинағынан алқа мен сырға, Мария-Амалия мен голландиялық Гортензия де Богарна патшайымдарының жинағынан тағы үш...

19 қазанда Париждегі Луврды тоналды. Онда әшекей бұйымдар мен құнды заттар ұрланған. Кейін күдіктілер қамауға алынғаны белгілі болды. Бұл ХХІ ғасырдағы басты оқиғалардың бірі болды. Аqshamnews.kz тілшісі Қазақстандағы шулы тонау істеріне шолу жасады. 

Алматыда 1996 жылы зергерлік дүкен тоналды. Қарақшылар күзетшіні атып, 20 мың долларды алып кеткен. Бұл туралы "Рейдер" бағдарламасында көрсетілді. 

2017 жылғы тонау дерегі

Бұған ұқсас жағдай 2017 жылы 22 тамызда Алматы облысына қарасты Талғардағы Kaspi Bank бөлімшесінде болды. Бетперде киген ұрылар шатыр арқылы бөлімшенің кассасына түсіп, қызметкер әйелдерді байлап, ақшаны алып кеткен. Кейін олар арқан сатыларын пайдаланып, ғимараттан қашып кетіпті. Бейнебақылау камерасы қылмыскерлерді түсіріп алған. Олар небары 2 минутта банкты тонап үлгерген.

Ғасыр тонауы

2009 жылы Астанада “ғасыр тонауы” іске аспай қалды. Белгісіз біреулер “Цеснабанк” филиалы тұрған ғимаратқа дейін жер қазып жеткен. Қылмыс бірнеше ай бойы дайындалған. 75 метрлік тоннель бос тұрған гараждар жағынан қазылған. Едендегі тесікті қызметкерлердің бірі линолеуммен жабылған жерге құлап кете жаздағанда байқап қалған. Дегенмен қарақшылардың ойы іске аспай қалды, себебі ұрылар құнды зат жоқ қосымша бөлмеге түскен. Қылмыскерлердің бірі ұсталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Казинодағы шабуыл 

Сол жылы Қапшағайда “Фламинго” казиносына қарулы шабуыл жасалды. 22 тамызда таңғы төрт шамасында бетперде киіп, қару асынған үш адам казиноға кіріп, жұртты қарумен қорқытып, 30 миллион теңгеден аса ақшаны қолды қылған. Кейін олар Қапшағай тұрғынын жаралап, көлігін тартып алды. Кейін оны белгісіз жерге апарып, ағашқа байлап кеткен. Қылмыс бесінші күні ашылды.

Зергерлік дүкеннің тоналуы

2010 жылы Алматының орталығында зергерлік дүкені тоналды. Қылмыскерлер бір миллион долларға жуық сомаға үш мыңнан аса алтын және күміс әшекейді ұрлап кеткен. Ұрылар бәрін мұқият әрі алдын ала жоспарлаған. Ғимаратқа түнде үйдің жертөлесі арқылы кірген. Дүкеннің бетон еденін бұрғылап, дабылды өшіріп, әшекейлерді еркін алып шыққан. Дүкен орналасқан үйдің тұрғындары бірде-бір күдік тудырған дыбыс естімеген. Тек таңертең қызметкерлер әшекейлердің жоғын анықтаған.

Айырбастау пунктіне жасалған шабуыл 

2015 жылы Астанада айырбастау пунктіне қарулы шабуыл жасалды. Бір жігіт айырбастау пунктіне келіп, терезесін сындыра бастаған. Кейін ұры пневматикалық тапаншадан оқ атқан. Кассир үстелдің астына тығылып, күзетке хабарласқан. Қылмыскер шамамен екі мың рубль алып үлгерген. Кейін ол ұсталды.

Ломбард ісі

2016 жылы Астанада ломбардқа шабуыл жасалып, адамдар кепілге алынған. 14 тамызда сағат 08:30 шамасында ер адам Кенесары көшесіндегі “М-Ломбард” ғимаратына басып кірген. Пневматикалық тапаншамен қорқытып, зергерлік бұйымдарды алмақ болып, кіреберіс есікті ішінен құлттап, ломбардтың екі қызметкерін кепілге алған. Кейін шабуыл жасаған ер адам істегеніне өкініп, мұндай қылмысқа отбасындағы ауыр қаржылай жағдайға байланысты барғанын айтты. Оның айтуынша, қызының еміне ақша жетпеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.