AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "LRT" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты...

"LRT" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты сот үкімі шықты

Әлеумет 12.11.2024, 09:41 949 Nursok82
"LRT" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты сот үкімі шықты
интернеттен
2024 жылғы 11 қарашада Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп айыпталушы "LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс сотталушының қатысуынсыз сырттай қаралды. Сотталушыға халықаралық іздеу жарияланғанын баса айта кетелік.

Тергеу мәліметтері бойынша,  2016 жылғы 22 желтоқсанда "LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан қызметтің мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму банкінен (бұдан әрі – ҚМДБ) сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған.

2018 жылғы 26 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен банктің қызметі мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Осылайша, аталған жобаны іске асыру бұзылды, ҚМДБ-нен алынған қарыз қаражаты ЖШС-ге қайтарылмады және ақшалай қаражат нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай, "City transportation systems" ЖШС-ға 85 млрд теңгеден астам шығын келтірілгендіктен, оның әрекеттері ауыр салдарға әкеліп соқты. 

Сот үкімімен Ардан бұрын тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, Арданнан "City transportation systems" ЖШС-нің пайдасына 85 млрд теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.

Іс бойынша ЖШС алған мемлекеттік қарыз, шарт бойынша бақылау жүзеге асырылмағандықтан, ҚР Қаржы министрлігі тарапынан лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы фактісі бойынша прокурордың атына жекеше қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #Шешім #LRT
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);