AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Лос-Анджелестен Алматыға: Энрике Иглесиастың жанкү...

Лос-Анджелестен Алматыға: Энрике Иглесиастың жанкүйері кумирін көру үшін арнайы ұшып келді

Алматы 05.09.2026, 18:56 308
Лос-Анджелестен Алматыға: Энрике Иглесиастың жанкүйері кумирін көру үшін арнайы ұшып келді
видео кадры

Әлемге әйгілі әншінің өнерін тамашалау үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден жанкүйерлер Алматыға арнайы келіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін кешке Алматының Орталық стадионында испаниялық әнші, латын музыкасының жұлдызы Энрике Иглесиастың концерті өтеді.

Солардың бірі - Лос-Анджелестен арнайы ұшып келген Кристина. Ол Энрике Иглесиастың әндерін мектеп кезінен бері тыңдап келеді. Кристина сүйікті әншісін сахнадан көру және жастық шағын еске салатын сүйікті әндерін жанды дауыста тыңдау үшін Алматыға келген.

«Мен Алматыға алғаш рет келіп отырған жоқпын. Бұл қала маған өте ұнайды. Алматы өте әдемі әрі жасыл қала, мұнда ерекше көңіл-күй бар. Осындай әлемдік деңгейдегі жұлдыздың концерті дәл осы қалада өтіп жатқанына өте қуаныштымын», - дейді Кристина.

Концерт басталмай жатып-ақ Орталық стадион маңында мерекелік көңіл-күй сезіледі. Жанкүйерлер суретке түсіп, достарымен кездесіп, көптен күткен кешті асыға күтуде. Бірер сағаттан кейін Алматы тұрғындары мен қала қонақтары Энрике Иглесиастың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін бірге шырқайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);