ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Күзгі аллергия: неге өршиді және одан қалай қорған...

Күзгі аллергия: неге өршиді және одан қалай қорғанамыз?

Алматы 29.08.2025, 12:00 578
Күзгі аллергия: неге өршиді және одан қалай қорғанамыз?
Сурет: Shutterstock
Күз келгенде табиғаттың әсемдігімен бірге көп адам үшін қолайсыздық та қатар келеді. Неге десеңіз, көпшіліктің аллергиясы дәл осы қыркүйек-қазан айларында өршиді. Бұған бір жағынан кей...

Күз келгенде табиғаттың әсемдігімен бірге көп адам үшін қолайсыздық та қатар келеді. Неге десеңіз, көпшіліктің аллергиясы дәл осы қыркүйек-қазан айларында өршиді. Бұған бір жағынан кей өсімдіктердің ұзақ гүлдеуі әсер етсе, екінші жағынан жылыту маусымының басталуы да жағдайды ауырлатады. Құрғақ әрі жылы ауа мұрынның шырышты қабатын әлсіретіп, аллергендердің тыныс жолына оңай түсуіне жол ашады. Аqshamnews.kz.  тілшісі маусымдық аллергиясы бар жандарға бірнеше кеңестер ұсынады. 

Неге күзде аллергия өршиді?

Күзгі аллергияның негізгі себебі - сыртқы ортадағы аллергендерге ағзаның сезімталдығы. Балаларда бұл құбылыс жиірек байқалады. Себебі олардың иммундық жүйесі әлсіздеу. Аллергия көбіне былай көрінеді:

  • терідегі бөртпе, қызару, қышу;

  • жөтел, ентігу;

  • мұрын бітуі, түшкіру, көзден жас ағу.

Қыркүйекте аллергия тозаңға байланысты көбірек шығады. Әсіресе, амброзия, жусан, лебеда, марь, қырмызы, күнбағыс - басты қозғағыштар. Жусанның құрамындағы w6 ақуызы өте күшті аллерген. Бұл кезеңде кейбір азық-түлікте де "айқаспалы реакция" пайда болуы мүмкін: жусан аллергиясы бар адамдарда тәтті бұрышқа, сельдерейге, астра мен георгина гүлдеріне, пиязға реакция туындауы ықтимал.

Қазанда да кейбір декоративті өсімдіктер (астра, барқытгүл, георгин, роза, вереск, гортензия) кеш гүлдеп, ауаға тозаң бөледі. Сонымен қатар күзгі жеміс-жидектер (жүзім, калина, алмұрт, алма, шабдалы, банан, інжір, шырғанақ) да кей адамдарда аллергия шақырады.

Қарашада өсімдіктердің көбі қурағанымен, аллергия да кете қоймайды. Бұл кезде аллергендер ретінде:

  • үй өсімдіктері (азалия, декабрист, камелия, цикламен т.б.),

  • цитрус жемістері (апельсин, мандарин, лимон),

  • үйдегі шаңтозаң және құрғақ ауа,

  • тіпті суық аллергиясы да байқалуы мүмкін.

Аллергияны суық тиюден қалай ажыратуға болады?

Кейде күзгі аллергия белгілері тұмау немесе ЖРВИ-мен ұқсас болады. Айырмашылығы мынада:

  • Бас ауруы, әлсіздік, бұлшықет ауыруы – көбіне вирусқа тән, аллергияда сирек кездеседі.

  • Мұрыннан су ағу – аллергияда мөлдір, сұйық болып қала береді; вирустық инфекцияда қоюланып, түсі өзгереді.

  • Көздің қызарып, жас ағуы – аллергияда жиі, вирустық ауруда сирек.

  • Тамақтың ауруы, бездердің қабынуы – көбіне тұмауда байқалады.

Ең сенімді тәсіл – қан талдауы. Аллергия кезінде эозинофилдер саны көбейсе, вирустық инфекцияда лейкоциттердің өзгерісі көрінеді.

Балалардағы күзгі аллергияның ерекшелігі

Балалар маусымдық аллергияны ересектерге қарағанда ауыр өткізеді. 4–5 жасқа дейін кейбір аллергиялық белгілер азаяды, бірақ бақылауды тоқтатуға болмайды.

  • Баланы дымқыл жапырақтарда ойнаудан шектеу қажет, себебі онда зең споралары мен кенелер көп.

  • Үйдегі ауаны жиі желдетіп, шаң жиналатын жұмсақ ойыншықтар мен кілемдерді азайту керек.

  • Тағамды қатаң бақылап, аллерген өнімдерді (цитрус, жаңғақ, бал, құлпынай) ас мәзірінен алып тастаған жөн.

Күзгі аллергияны емдеу және алдын алу шаралары

Ең бастысы – аллергендерден алыстау.

  • Антигистаминдер – аллергия белгілерін жеңілдетеді. Балаларға ұйқышылдық тудырмайтын жаңа буын дәрілері қолданылады.

  • Сыртқы майлар мен кремдер – теріде қышу, қызару болса, дәрігер жазып береді.

  • Диета – аллерген өнімдерді толық алып тастау керек. 

  • Иммунотерапия (АСИТ) – ағзаны аллергенге біртіндеп үйрететін заманауи әдіс. 5 жасқа дейінгі балаларға жасалмайды.

Ал алдын алу үшін үйді жиі тазалау, шаңсорғыш қолдану маңызды. Терезені жаңбырдан кейін немесе кешке ашып желдету керек. Сырттан келген соң душ қабылдап, киімді ауыстыру, үйдегі ылғалдылықты қалыпты деңгейде ұстау қажет. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.