ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Күзде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

Күзде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

Әлеумет 29.09.2025, 09:06 550
Күзде иммунитетті қалай нығайтуға болады?
интернеттен
Күннің сууы, күн сәулесінің жетіспеушілігі мен температурадағы өзгерістер иммунитетті төмендетеді.

Күннің сууы, күн сәулесінің жетіспеушілігі мен температурадағы өзгерістер иммунитетті төмендетеді.

Алғашқы күзгі суықта медициналық орталықтарда науқастар қарасы айтарлықтай көбейеді: терапевт дәрігерге тұрған кезек артып, ЖРВИ белгілері жиі кездеседі. 

Неліктен иммунитет төмендейді?

Күз бен қыс ағзаға бірден бірнеше қауіп төндіреді:

Ұйқының қанбауы және шаршаңқылық. Күндізгі жарықтың қысқаруы ағзадан бөлінетін, ұйқыға жауап беретін мелатонин гармоны көлемін төмендетеді. Нәтижесінде ұйқы шала болып, шаршаңқылық созылмалыға айналады, өнімділік төмендейді.

D3 дәруменінің тапшылығы. Күн болмаса, ағза кальцийді сіңіру үшін қажет D3 дәруменінің белсенді түрінің синтезін тоқтатады. Оның жетіспеушілігі шаштың, терінің, тырнақтың және тістің күйіне әсер етеді. Дәрумен көрсеткіштерін анализ тапсыру арқылы тексеруге болады.

Инфекция қаупінің жоғарылауы. Ультракүлгін сәуле неғұрлым аз болса, ауадағы озон соғұрлым аз болады, яғни вирустар мен бактериялар ұзаққа сақталады. Сондықтан күзде суық тию жиі кездеседі.

Паразиттік инфекциялар. Құрттар, патогендік бактериялар мен саңырауқұлақтар қоректік заттарды "жеп", дененің қорғанысын әлсіретеді. Егер оларға күдік болса, тест тапсырып, қажет болған жағдайда емделу керек.

Қорғанысты нығайтуға не көмектеседі?

Тәуекелдерді азайту және иммундық жүйеге көмектесу қарапайым қадамдармен жасалуы мүмкін:

Дұрыс тамақтану рационы. Жейтін тамақ құрамына маусымдық көкөністер мен жемістерді қосыңыз, ал тәттілерді шектеңіз. Егер асқазан немесе ас қорыту проблемалары болса, дұрыс тамақтану жоспарын жасау үшін гастроэнтерологпен кеңескен дұрыс.

Дене белсенділігі. Спорт, гимнастика немесе ең құрымағанда күнделікті серуен денені нығайтады және инфекцияларға төзімділікті арттырады.

Толыққанды ұйқы. Сапалы демалыс вирустармен күресу қабілетіне тікелей әсер етеді.

Шымырлық. Таңертеңгілік суық душпен шынығу да иммунитетті нығайтудың бір жолы. Су температурасын біртіндеп төмендету арқылы денені үйретуге болады.

Жаман әдеттерден бас тарту. Темекі шегу мен алкоголь суық тию кезінде ағзаны одан әрі әлсіретеді.

Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар. Ағзаға артық жүктемені болдырмау үшін дәруменжер мен белсенді биологиялық қоспаларды қабылдау керек, бірақ оны алдымен дәрігермен келісіп алған жөн.

Ұйқының сапасы мен мөлшері адамның өнімділік, эмоционалды жағдай және жалпы денсаулық көрсеткішін айқындайды.

Астанада 2024–2025 жылғы эпидемиологиялық маусымда жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 260 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Науқастардың жартысынан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.