AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Күн саны: аптаның айырықша көрсеткіші

Күн саны: аптаның айырықша көрсеткіші

Мұны білген жөн 18.07.2025, 14:03 768 Сұлу
Күн саны: аптаның айырықша көрсеткіші
Жасанды интеллект

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады. 

1,4 млн тонна қалдық жиналды

"Таза Қазақстан" акциясы аясында былтыр жыл басынан бері бүкіл ел бойынша 1,4 млн тонна қалдық жиналып, елді мекендерде 2 млн 400 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 9 млн адам, оның ішінде 448 мыңы еріктілер.

"Таза Қазақстан" бастамасы тек қоқыс жинаумен немесе ағаш отырғызумен шектелмейді. Бұл әлдеқайда терең және ауқымды жоба. Оның басты мақсаты – қоғамда экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру. Біздің басты міндетіміз – әр азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын өзгерту", – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Биыл еліміз бойынша 236 мектептен 12 мыңнан астам оқушы 36 мың тұқым отырғызды.

1-сыныпқа қабылданған балалардың 70%-ы қазақ тілде оқуды таңдаған 

1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2 пайызға өсті
 
Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсімді көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.

Бұл қарқын - алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары және кейінгі 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші. Салыстыру үшін, былтырдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2% болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күн саны #Дерек #аналитика #сан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);