AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Күллі Еуропаға масқара болдық". Спорт сарапшысы Ә...

"Күллі Еуропаға масқара болдық". Спорт сарапшысы Әли Әлиевтің салғырттығын сынға алды

Барлығы 08.09.2025, 16:20 713 Дина
"Күллі Еуропаға масқара болдық". Спорт сарапшысы Әли Әлиевтің салғырттығын сынға алды
Коллаж: aqshamnews.kz

7 қыркүйекте Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Қазақстанды 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл сәтсіздік ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевтің отставкасымен жалғасты. Бас бапкер матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында өз еркімен қызметтен кететінін мәлімдеді. Бұл жайттардан не күтеміз? Аqshamnews.kz тілшісі спорт сарапшысының болжамын білді. 

"Күллі Еуропаға масқара болдық"

Спорт сарапшысы, журналист Айнат Қабидулла Қазақстан футболының бүгінгі жағдайына алаңдап отыр. Оның айтуынша, әрбір іріктеу кезеңі немесе жолдастық кездесу жанкүйерлерге қуаныш сыйлаудың орнына масқарамен аяқталып жатыр.

"Әдеттегідей тағы да жеңілдік. Жеңіліс қалыпты жағдай болып бара жатыр. Күллі Еуропаға масқара болдық. Құрамында кәсіби футболшысы жоқ Лихтенштейн ұлттық құрамасы да Бельгиядан дәл осындай есеппен ұтылды. Демек, біздің деңгейіміз әлемдегі ең әлсіз құрамалармен тең болып тұр ма деген ой туады", – дейді сарапшы.

Қандай жағдайда федерация басшылығы түгел отставкаға кетуі керек?

Әли Әлиевтің кетуі алғашқыда федерация үшін "отандық бапкерге мүмкіндік беріп жатырмыз" деген сылтауды жасыруға ыңғайлы болғаны анық. Алайда Қабидулланың айтуынша, бұлай жанкүйерлерді алдаудың жөні жоқ:

"Қазақ футболының жанкүйерлері ойыншық емес. Елімізде ұлттық құраманы баптай алатын деңгейдегі бапкердің жоқ екенін бәрі біледі. Егер келесі бапкер тағы да Қазақстаннан немесе посткеңестік елдерден болса, федерация басшылығы түгелімен отставкаға кетуі керек" деді ол. 

Жанкүйер мәдениеті: бізге не жетіспейді?

Сарапшы тарапынан қазақ футболының жанкүйерлеріне қатысты да өткір пікір айтылды. Ол Уэльске қарсы Астанада өткен кейінгі матчты мысалға келтірді:

"Қандай футболшылар болса, сондай жанкүйерлер. Соңғы өз алаңымызда Уэльске қарсы өткен матчта валлийлер құдды бір өз алаңында ойнап жатқандай әсер қалдырды. Қып-қызыл жейде, рухты ұрандар Уэльс жанкүйерлерінің ауызбіршілігін көрсетті. Қазақ футболының жанкүйерлері қашан осындай деңгейге жетеді екен? Сырт алаңдағы емес өз алаңымыздағы ойындарға сары-көк түсте, шапан, тақиямен келуге қашан ауызбіршілігіміз жетеді екен? Ең оңай деген "Атамекен" әнінің сөзін қашан жаңылмай айтамыз?" деген сұрақтармен қайтқан едік сол матчтан" деді Айнат Қабидулла. 

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бельгиядан жеңілген соң отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Артынша Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров оның кетуіне қатысты пікір білдірді. 

"Жалпы ол команданы жасарту жағынан өз міндетін орындады. Құраманың орта жасы – 25-26. Бірақ нәтижелер әлі де көңіл көншітпейді. Сондықтан ол келген соң кадрлық шешімдер қабылдаймыз. Мен шешімді ол келгеннен кейін қабылдаймын. Әлі де сөйлесеміз", – деді Омаров Үкімет кулуарында.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #құрама #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);