Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кристина Бекмурзаева мәслихат депутаты болып тағай...

Кристина Бекмурзаева мәслихат депутаты болып тағайындалды

Әлеумет 04.12.2024, 14:49 1,271
Кристина Бекмурзаева мәслихат депутаты болып тағайындалды
aqshamnews.kz
2024 жылдың 4 желтоқсанында «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы Бюросының отырысында Кристина Бекмурзаеваны Алматы мәслихатының депутаты етіп тағайындау туралы шешім қабылданды, деп...

2024 жылдың 4 желтоқсанында «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы Бюросының отырысында Кристина Бекмурзаеваны Алматы мәслихатының депутаты етіп тағайындау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бос мандат Асия Ақанованың Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалуына байланысты пайда болды.

Қазіргі уақытта Кристина Бекмурзаева Алматы жастарын, мәдениеті мен спортын қолдау жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Almaty Creative» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі және «Almaty Creative Bureau» шығармашылық бірлестігінің көшбасшысы болып табылады.

Өз мансабында ол жүзден астам ірі жобаларды іске асыруға қатысқан. Олардың қатарында Алматыда қоғамдық қауымдастық орталықтарын құру, «Шапағат» және «Әлеуметтік қызметтер үйі» әлеуметтік орталықтарын іске қосу, сондай-ақ көше өнері жобалары, соның ішінде Almaty Gallery ашылуы бар. Сонымен қатар, ол 15-тен астам кітапхана мен мәдениет үйлерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарымен айналысқан. Оның портфелінде Астана, Павлодар, Шымкент және Ақтөбе секілді ірі қалалардағы қоғамдық кеңістіктерді модернизациялау жобалары да бар.

  • Кристина Бекмурзаева О. Тансықбаев атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, сондай-ақ Германияның FH Aachen университетінде білім алған.
  • Әлеуметтік және мәдени ортаны дамытудағы үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.