конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Мұны білген жөн Бүгін 15:21 52
Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Заң бойынша кез келген банк кредит берер алдында төлем әдісінің екі нұсқасымен де есептеп, кестенің екі жобасын да ұсынуға міндетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігіне сауал жолдап, жауап алған «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-каналының жазуынша, банк өзінің ішкі ережелерін тықпалай алмайды.

Таңдау құқығы — клиентте

Заң бойынша (Банктер және банк қызметі туралы заңның 58-бабы), кез келген банк кредит берер алдында төлем әдісінің екі нұсқасымен де есептеп, кестенің екі жобасын да ұсынуға міндетті.

Егер банк клиентке басқа балама ұсынбай, тек аннуитеттік әдісті автоматты түрде бекітіп беретін болса, онда ол — заң талаптарын бұзу болып есептеледі. Яғни, банк бұл ретте өзінің ішкі ережелерін тықпалай алмайды, өйткені ол Заңнан күшті емес.

Банк клиенттің төлем қабілетін қарауға және несиені беру-бермеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Бірақ клиент өтеу әдісін өзім таңдаймын десе, оның құқығын шектеуге немесе екі әдістің біріне күштеп байлауға қақысы жоқ.

Екі әдістің айырмашылығы неде?

Мысалы, 2 млн теңгеге тұтынушылық несие алдыңыз делік.

Аннуитеттік әдіс — кредит мерзімі аяқталғанша ай сайын бір соманы төлеп отырасыз. Мәселен, ай сайын 50 мың теңгеден төлейтін болсаңыз, алғашқы уақытта (айларда) оның көбісі — процентке, аз бөлігі — негізгі қарызды жабуға кетеді.

Бұл әдісте клиенттің ай сайынғы қалтаға салар ауыртпалығы жеңіл болуы мүмкін, бірақ соңында банкке көп төлеп шығасыз.

Сараланған әдіс — төлем сомасы ай сайын біртіндеп азайып отырады. Ең басында ай сайынғы төлем 70-80 мың теңгедей болуы мүмкін, бірақ негізгі қарыз тез жабылатындықтан, кредитке есептелген процент те азая береді.

Бұл әдісте банкке төлейтін артық ақша (процент) аннуитетке қарағанда айтарлықтай аз болады.

Клиент құқығы бұзылса, не істеу керек?

Агенттік банкке шағым жазуға болатынын айтады. Егер сізге кредит алар кезде таңдау құқығы берілмесе, банктің өзінде тұрып немесе онлайн жазбаша арыздануға болады. Банк клиент шағымын 15 жұмыс күні ішінде қарауға міндетті.

Егер банктің жауабымен келісе алмасаңыз немесе жауабын ала алмасаңыз — қолыңыздағы құжаттарды, банк ұсынған кестені және хат алмасу жолдарын растайтын скриншоттарды жинап, e-Otinish порталы арқылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне аласыз. Заң бұзылғаны расталатын болса, Агенттік банкке қатаң шара қолданады.

Екеуара дау несие келісімшарты жасалып қойған соң туындауы мүмкін. Ондай жағдайда клиент банк омбудсманына немесе сотқа жүгінуге толық құқылы. Біздің сауалдарымызға жауап берген Агенттіктің жауабы осындай болды.

Қорыта айтқанда, кредит рәсімдер кезде «маған екі әдістің де кестесін шығарып беріңіз, өзім таңдаймын» деп айтуға толық құқығымыз бар. Бұл жерде аннуитетке мүлдем жоламау керек деген сөз жоқ. Біз тек екеуінің айырмасын ғана түсіндіріп отырмыз. Егер басқа да міндетті төлемдерге байланысты қалтаңызға артық салмақ салмай, кредитті қиналмай қайтаруға бел бусаңыз, онда, сөз жоқ, оңтайлысы — аннуитет. Ал, «жоқ, ай сайынғы төлемі қалтамды қақпайды, қазір көптеп төлеуге мүмкіншілігім бар» десеңіз, онда сараланған әдісті таңдап, банкке артық процент төлеуден құтылуға болады. Есіңізде болсын, клиент ипотека алса да, тұтынушылық кредит рәсімдесе де, автокредит алса да — екі әдістің бірін таңдауға құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кредит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Бүгін 16:34

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті

Бүгін 14:40

Алматы студенттеріне маңызды ақпарат

Бүгін 14:37

Алматының Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 29 жоба жүзеге асырылып жатыр

Бүгін 13:35

Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды

Бүгін 12:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);