конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Креативті кластер бой көтереді

Креативті кластер бой көтереді

Алматы 03.08.2026, 12:05 184
Креативті кластер бой көтереді
gov.kz

Алматы қаласында шығармашылық индустрияны дамытуға бағытталған тағы бір ірі жоба қолға алынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұзақ уақыт бос тұрған бұрынғы трамвай депосының аумағы заманауи креативті орталыққа айналмақ.

Жаңа кеңістік өнер иелері мен жас кәсіпкерлердің басын қосып, қала тұрғындары үшін мәдени әрі қоғамдық өмірдің жаңа орталығына айналады деген сенім бар.

Оңтүстік астанада бұрынғы трамвай депосының орнында ауқымды креативті кластердің құрылысы басталды. Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде жоба бойынша барлық негізгі шешімдер қабылданып, құрылыс жұмыстары қарқын алуда.

Жаңа кластер Гоголь мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы трамвай депосының аумағында салынады. Жалпы көлемі шамамен 32 мың шаршы метрді құрайтын кешен шығармашылық индустрияларды дамытуға арналған толыққанды инфрақұрылым қалыптастыруды мақсат етеді.

Жоба аясында көпфункционалды концерт залы, түрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларға арналған кең холлдар, шығармашылық мамандарға арналған студиялар мен шеберханалар, қазақстандық дизайнерлердің шоурумдары, заманауи өнер галереясы, қалалық іс-шаралар өтетін атриум, сондай-ақ креативті кәсіпкерлерге арналған кеңсе орындары салынады.

Сонымен қатар, кешен аумағында амфитеатр, жазғы сахна, саябақ аймағы мен балалар ойын алаңдары бой көтермек. Бұл тұрғындардың еркін демалып, мәдени шараларға қатысуына мүмкіндік беретін ашық қоғамдық кеңістікке айналады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл жоба жай ғана аумақты абаттандыру емес, оның функционалдық бағытын түбегейлі өзгертуге бағытталған. Негізгі мақсат – адами капиталды дамыту мен креативті экономиканы қолдау. Бұрынғы депо аумағының ұзақ уақыт пайдаланылмауы осындай ауқымды жобаны әзірлеу мен келісу жұмыстарының күрделілігіне байланысты болған.

Жоба Қала құрылысы кеңесінің мақұлдауынан өтіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Қазіргі таңда жобалық құжаттар толық бекітіліп, ескі ғимараттарды бұзу жұмыстары аяқталған. Енді құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Осылайша, бұрынғы трамвай депосының орны Алматының жаңа мәдени әрі шығармашылық орталықтарының біріне айналып, қаланың экономикалық және қоғамдық өміріне серпін бермек.

Бір айта кетерлік жайт, қала әкімдігі трамвай жүйесінен бас тартпайды. Қазіргі таңда жеңіл рельсті көліктің (LRT) алғашқы желісінің құрылысы басталған. Бағыт Абылай хан даңғылы арқылы өтіп, Төле би көшесімен батысқа қарай, одан әрі Момышұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта жалғасады. Ал жаңа трамвай депосы Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ аумағында салынатын болады.

Креативті кластердің салынуы – Алматының мәдени және экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Жаңа жоба шығармашылық саланың дамуына тың серпін беріп қана қоймай, қала тұрғындары үшін заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастырады. Сонымен бірге, LRT жобасының жүзеге асуы Алматыдағы қоғамдық көлік жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік беріп, қаланың тұрақты дамуына үлес қоспақ.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);