конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Көшпенділер ойынының бесінші күнінің қорытындысы

Көшпенділер ойынының бесінші күнінің қорытындысы

Спорт 13.09.2024, 08:17 1,821
Көшпенділер ойынының бесінші күнінің қорытындысы
ҚР Туризм және спорт министрлігі

 Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін табысты аяқтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал көк бөрүден Қазақстан командасы Қырғызстан құрамасына 4:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлде алды.   

Этноауылда теңге ілуден өткен жарыста Бекнұр Серіков – бес белес сайысынан, ал Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын жүлде алды.   

Этноауылда құсбегіліктен іріктеу және жартылай финалдық сын өтті. Ұлттық құрама спортшылары бүркіт, қаршыға және сұңқар салудан финалға шықты.   

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан жарыс өз мәресіне жетті. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Аустралиядан келген садақшылардан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Садақшылар Көшпенділер ойындарын бір алтын, екі күміс, бес қола жүлдемен аяқтады.   

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында татар халқының көне ұлттық белбеу күресі көрәштен ерлер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Біржан Шаймерденов (90 келі) алтын жүлде алса, Әділет Шалғынбекұлы (64 келі) мен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Бекнұр Бектай (75 келі) қола жүлде алды.   

«Алау» мұз сарайында түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюрешінен бес салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Қазақстандық үш бірдей спортшы күміс жүлдеге ие болды. Олар Ернұр Сүлеймен (60 келі), Әділет Ахметғали (70 келі), Айдос Ғалымов (90 келі).   

«Алау» мұз сарайында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Ақтық бәсеке 13 қыркүйек күні өтеді.   

«Думан» қонақ үй және спорт кешенінде Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден өткен жарыста Әсел Далиева алтын жүлде алса, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлде иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Құсбегілік #Садақ ату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);