AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Көшкіннен зардап шексеңіз, өтемақыны қалай өндіріп...

Көшкіннен зардап шексеңіз, өтемақыны қалай өндіріп алуға болады?

Мұны білген жөн 14.10.2025, 08:45 569 Сұлу
Көшкіннен зардап шексеңіз, өтемақыны қалай өндіріп алуға болады?
depositphotos.com

Тосыннан болған табиғи апаттар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда келтірілген залал үшін өтемақыны кім және қалай ала алады? Толығырақ aqshamnews.kz материалында. 

Сарапшылардың айтуынша, техноген сипаттағы төтенше жағдайлардан келтірілген зиянды өтеу залал келтіруші тараптан ерікті түрде немесе сот шешімімен жүзеге асырылады. Бюджет қаражаты есебінен өтемақы зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру шегінде төленеді.

Зардап шеккендер немесе олардың заңды өкілдері ТЖ болған күннен бастап 13 күнтізбелік күн ішінде жергілікті атқарушы органға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғалған/бүлінген мүлік тізімі (ТЖ салдарын жою кезеңін де қоса) қоса тапсырылады.

Өтініш арнайы журналда тіркеліп, құжаттардың қабылданғаны туралы түбіртек беріледі. Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде залал мөлшерін бағалауды ұйымдастыру үшін бағалаушы тартылады, шығындар ЖАО есебінен жүреді. Бағалау зардап шеккеннің қатысуымен жүргізіледі және мыналарды қамтиды: бағалаушыны таңдау; уақыт пен орнын келісу; бүлінген мүлікті бағалау; есеппен таныстыру.

Өтемақы мөлшері қалпына келтіруге қажет шығындарға, мүліктің зақымдануына байланысты уценкасына немесе жоғалған мүліктің нарықтық құнына негізделеді. Қалпына келтіру шығындары смета/калькуляциямен расталуға тиіс. Мүлікті қалпына келтіру техникалық мүмкін емес немесе экономикалық тиімсіз (шығындары нарықтық құнының 80%-ынан асса) болса, мүлік жойылған деп танылады.

Бағалаушы қорытындысынан кейін 3 жұмыс күні ішінде ЖАО қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды. Төлем шешім қабылданғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Даулы жағдайлар сот тәртібімен шешіледі.

Егер тұрғын үй қажет болса, не істеу керек?

Тұрғын үй алу үшін ЖАО-ға мына құжаттармен жүгіну керек:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • белгіленген нысандағы өтініш (жылжымайтын мүлік иесінен);
  • тұрғын үйдің техникалық төлқұжаты; 
  • жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (жеке меншік актісі);
  • «Азаматтарға арналған үкімет» беретін жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама.

Егер ТЖ жеке немесе заңды тұлғалардың кінәсінен туындаса, залалды өтеу міндеті кінәлі тарапқа жүктеледі.

Көшкін қашан болады және мұндайда не істеу керек?

Көшкінге көп фактор әсер етеді: нөсер, қардың жаппай еруі, жер сілкінісі, таудың етегін су ағыны шайып кетуі. 

Егер нысан (үй, саяжай) таулы жерде орналасса, аумақты жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз: жарық, жылжу, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы, құбыр желілерінің ақауы, судың жер бетіне шығуы бар-жоғын қараңыз. Көшкін қаупі туралы дабыл алғанда электр, газ құралдарын, су жүйесін өшіріңіз, қауіпсіз жерге эвакуацияланыңыз. Қажет болса, құтқарушыларға үйінді астынан адамдарды қазып алу мен алғашқы көмек көрсетуге жәрдемдесіңіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көшкін #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);