AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады...

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Мұны білген жөн 10.10.2026, 15:06 200
Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Портал Қазақстан азаматтары, этникалық қазақтар, шетел азаматтары, жұмыс берушілер мен инвесторларға арналған қызметтерді бір платформада ұсынады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көші-қон саласындағы бірқатар қызметті migration.enbek.kz көші-қон процестері порталы арқылы онлайн алуға болады.

Бұл жерде «қандас» мәртебесін алу, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсат рәсімдеу, шетелдік жұмыс күшін тарту және тағы басқа да қызметтер қолжетімді.

Порталдың басты артықшылығы барлық негізгі рәсімдерді онлайн орындауға болады: тіркеліп, жеке деректерді толтыруға, өтініш беруге және оның мәртебесін жеке кабинеттен бақылауға мүмкіндік бар.

Тіркелу – қызмет алудың алғашқы қадамы

Алдымен migration.enbek.kz сайтына кіріп, «Кіру» батырмасында «Тіркелу» қажет.

Ол үшін электрондық поштасын және құпиясөзін енгізіп, пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдау және есептік жазба ашу керек. Одан кейін көрсетілген электрондық поштаға тіркелуді растау туралы хат келеді.

Порталда пайдаланушылардың бірнеше санаты қарастырылған. Сондықтан қолжетімді қызметтер мен қажетті мәліметтер пайдаланушы таңдаған санатқа байланысты болады.

Жеке кабинет: қажетті ақпараттардың барлығы бір жерде

Порталға кіргеннен кейін пайдаланушы жеке кабинетке өтеді. Қызмет алмас бұрын «Жеке деректер» бөлімін толтыру қажет.

Егер шетел азаматының ЖСН-і болса, ол туралы кейбір мәлімет мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынуы мүмкін. Қалған қажетті деректерді пайдаланушы өзі енгізеді. Мәліметтерді сақтамас бұрын олардың дұрыстығын мұқият тексеру керек.

Жеке мәліметтерді енгізген соң, пайдаланушы өзіне қажетті қызметті таңдап, электрондық өтініш формасын толтырып, оны қарауға жолдай алады.

Жеке кабинетте өтініштің мәртебесін бақылап, тиісті хабарламаларды алуға болады. Бұл қызметтің қалай көрсетіліп жатқанын қосымша сұрау салмай-ақ қадағалауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көші-қон қызметі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);