ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көшедегі кездейсоқ адамды суретке түсіруге бола ма...

Көшедегі кездейсоқ адамды суретке түсіруге бола ма?

Заң мен тəртіп 21.10.2024, 19:41 1,812
Көшедегі кездейсоқ адамды суретке түсіруге бола ма?
интернет
Адамның суреті келісімсіз жарияланса, айыппұл төлейді.

Адамның суреті келісімсіз жарияланса, айыппұл төлейді. 

Тіпті кей жағдайда бас бостандығынан айырылуы да мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Заң бойынша қоғамдық орындарда фото, видео түсіруге тыйым салынбаған. Бірақ материалды пайдалануға қатысты шектеулер бар.

Конституцияның 20-бабына сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Бұл дегеніміз, шығармашылық пен сөз еркіндігіне кепілдік берілген. Бірақ біреудің суретін келісімсіз пайдалану адамның құқығын бұзады. Осылайша, қоғамдық жерде ешбір шектеусіз фото мен видео жасауға болады. Ал кадрға біреу кіріп кетсе, сол адамның келісімі керек. Себебі ол адам өзінің суретін пайдалануға қарсы болуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 145-бабында адамның өз бейнесiне құқығы бекітілген.

"Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ", - делінген заңда.

Бірнеше жағдайда қоғамдық орында түсірілген суретті келісімсіз жариялауға болады. Олар:

ойын-сауық, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларда халықтың арасында жүріп, фотоға түсіп қалу;

адамның бет-бейнесі мен қызметіне қатысты мәліметтерді ашық жариялануы;

бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асыру;

адам ақы алып, фото-видеоға түссе, келiсiм алудың қажеті жоқ.

Адамның суреті келісімсіз жарияланса, заң бойынша айыппұл қарастырылған. Ал жекеменшік аймақта түсірілген фото мен видео үшін қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Себебі ондай әрекет адамның өміріне қолсұғушылық болып саналады.

Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 2-бөлігі (Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу (таратуды қоспағанда) нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру) бойынша бірнеше жаза қарастырылған.

Олар:

5 000 АЕК-ке (18 460 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл;

түзету жұмыстары;

800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар;

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу;

үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Сот қылмыстық әрекеттің ауырлығына қарай бес жазаның біреуін тағайындайды.

Ал қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып жасалған ондай әрекет үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.