ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көше мәдениеті. Тазалықты өзімізден бастайық!

Көше мәдениеті. Тазалықты өзімізден бастайық!

Әлеумет 18.09.2023, 10:24 1,073
Көше мәдениеті. Тазалықты өзімізден бастайық!
Сурет: Қайрат Қоныспаев
Күн өткен сайын көше мәдениетін сақтамайтындар көбейіп келеді.

Күн өткен сайын көше мәдениетін сақтамайтындар көбейіп келеді.


Әсіресе, қоғамдық орындарда көп байқалуда. Осыған байланысты арнайы заң талаптары енгізілді. Қоғамда ескертіліп жатыр. Бірақ тыйылар емес. Тыюдың жалғыз жолы заң талабымен айыппұл салу. Сондықтан Алматы полициясы қоғамдық орындарда түкіргендер жазаланатынын тағы да еске салды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жалпы қоғамдық орында түкірсеңіз ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен жазаланасыз. 



– Ұсақ бұзақылықпен ұштасқан санитарлық нормаларды бұзу – осы құқық бұзушылықтарды жасаған жекелеген азаматтардың қоғамдық орындарда тәрбиесі мен өзін-өзі ұстау мәдениетінің төмендігінің жемісі саналады. Сонымен қатар қоғамды сыйламаушылық пен қоршаған ортаға менсінбеушілік танытады. Бұзушылыққа жол берген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды тәртіпті сақтауға, заңды бұзбауға шақырамын. Қоғам бірлесе отырып, өз қаласының табиғи құндылықтары мен моральдық-мәдени келбетін сақтай алады. Ал Алматы Қазақстанның қаржы-экономикалық және мәдени орталығы ретінде тек азаматтардың көмегімен өз мәртебесін, жақсы имиджін сақтап қалуы керек, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.



Сонымен қатар Алматы полициясы цифрлық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ҚР ІІМ жүзеге асырып жатқан “102” қосымшасы арқылы азаматтардың хабарламаларын омниканалды қабылдауды пайдалана отырып, полицияға хабарласудың баламалы тәсілдерін еске салды.



– Айта кету керек, Алматы тұрғындары белсенділік танытып, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Олар қол жетімді байланыс арналарын пайдалана отырып, ұсақ құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды. Жыл басынан бері “102” қосымшасы арқылы азаматтар 10 мыңға жуық хабарлама жолдаған. Ең жиі кездесетіні – адамдардың қоғамдық орындарда түкіруі. Алматыда полицейлер 11-15 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 257 дерегін анықтаса, оның 71-і – көшеге түкіргендер. Айыппұл сомасы 433 мың теңгені құрады, – деді Ұзабаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.