ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Көпбалалы альпинист ана: ғарышты бағындырған тұңғы...

Көпбалалы альпинист ана: ғарышты бағындырған тұңғыш қазақ қызы туралы не белгілі?

Мұны білген жөн 09.10.2025, 11:45 902
Көпбалалы альпинист ана: ғарышты бағындырған тұңғыш қазақ қызы туралы не белгілі?
сурет: instagram.com/blueorigin
8 қазанда әлем назарын өзіне аударған тарихи оқиғаға куә болдық. Ғарышқа тұңғыш рет ұшқан қазақ қызы ретінде ел есінде мәңгі қалатын Дана Қарағұсова туралы не белгілі? Ол бұл мәртебеге қалай...

8 қазанда әлем назарын өзіне аударған тарихи оқиғаға куә болдық. Ғарышқа тұңғыш рет ұшқан қазақ қызы ретінде ел есінде мәңгі қалатын Дана Қарағұсова туралы не белгілі? Ол бұл мәртебеге қалай жетті?  Аqshamnews.kz тілшісінің материалынан біліңіз. 

Текті әулеттің тумасы

Дана Қарағұсова 1984 жылы 21 мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол көрнекті тұлғалар әулетінен шыққан. Анасы Гүлжан Қарағұсова - танымал саясаткер, Сенат пен Мәжіліс депутаты болған. Ел арасында ол түрлі әзілге айналған фразаларымен есте қалған еді. 

сурет: instagram.com/dannakar

Дананың бауырлары да өз салаларында жетістікке жеткен жандар. Фархад Қарағұсов - заңгер, Каспий қоғамдық университетінде қызмет атқарады. Ал Роман (немесе Дамир) Романов - экономист, “Алюминий Казахстана” компаниясының басшысы.

Отбасыдан алған тәрбиесі мен еңбекқорлығы Дананың өмір жолында шешуші рөл атқарды. Ол ерте жастан өз еңбегімен табыс табуға талпынды. Бұл мінез кейін үлкен жетістіктерге бастады.

Шетелдегі білім және жетістікке бастаған мансап жолы

Дана Қарағұсова - білімге құштар жан. Ол Ұлыбританиядағы Эссекск университетінде экономика бакалаврын, кейін Лондон университеттік колледжінде магистр дәрежесін алған.

Өзінің сұхбаттарының бірінде ол 16 жасында дүкенде жұмыс істеп, алғаш рет өз еңбегінің жемісін көргенін айтқан еді. 

сурет: instagram.com/dannakar

2005 жылы Дана еңбек жолын Food Contract Corporation компаниясының Лондондағы өкілдігін басқарудан бастады. Екі жыл Англияда тәжірибе жинаған соң, 2007 жылы елге оралып, First Media Group маркетинг холдингін құрды.

Кейін ол L’Officiel Kazakhstan және L’Officiel Hommes Kazakhstan журналдарының баспагері ретінде сән индустриясын жаңа деңгейге көтерді. Тіпті әйгілі шеф-аспаз Гордон Рамзимен сұхбаттасу үшін Италиядағы Forte Village Resort шипажайына арнайы барған-тын. 

Бүгінде Дана First Media Group холдингінде жұмысын жалғастырып, Дженнифер Лопес, 50 Cent, Backstreet Boys сынды әлемдік жұлдыздардың концерттерін ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар ол Portals мультимодальды экожүйесінің серіктесі.

"7 баланың анасы, Әлібековтың экс-әйелі": жеке өмірі жайлы деректер

Дана - көпбалалы ана. Бұрынғы күйеуі - блогер және кәсіпкер Бейбіт Әлібеков. Ерлі-зайыпты Айтуар (2007), Алдияр (2009) және Айлин (2013) есімді үш баланы тәрбиеледі. 

Ажырасқаннан кейін де олар достық қарым-қатынасты сақтап, бір-бірінің жетістіктерін қолдап келеді. Кейін Дана Павел Гребенников есімді спортшы, мотокросс әуесқойымен тұрмыс құрды. Бұрын ол да үйленген. Дана желідегі өз жазбаларының бірінде Павел екеуі 7 бала өсіріп отырғандарын жазған еді. 2022 жылы олардың ортақ қызы дүниеге келді. 

сурет: instagram.com/dannakar

Килиманджаро, Эльбрус шыңдарын бағындырған тәжірибелі альпинист

Қарағұсова білімге құштарлығынан бөлек саяхаттауды, тауға шығуды жаны сүйеді. Ол Килиманджаро мен Эльбрус тауларын бағындырған тәжірибелі альпинист. Сондай-ақ, ол Жапониядан бастап Африкаға дейінгі елдерді аралап тастаған.

сурет: instagram.com/dannakar

Ғарышқа жетелеген арман

2025 жылдың күзі Дананың өміріндегі жаңа кезеңнің бастауына айналды. Blue Origin компаниясы жариялаған NS-36 миссиясының құрамымен ол ғарышқа сапар шекті. Бұл - Amazon негізін қалаушы Джефф Безос құрған аэрокосмикалық компанияның суборбиталық бағдарламасы.

8 қазанда New Shepard кемесі 100 шақырым биіктікке көтеріліп, ғарыш кеңістігіне шықты. Ұшу 10–12 минутқа созылды, экипаж мүшелері бірнеше минут бойы нақты салмақсыздық күйін сезінді.

сурет: instagram.com/blueorigin

Дана Қарағұсова ғарышты турист ретінде бағындырған тұңғыш қазақ қызы. Ол бұл сапарын “балалық арманның орындалуы және зерттеу жобасының бір бөлігі”, - деп атады. 

сурет: instagram.com/blueorigin

Онымен бірге ғарышқа америкалық кәсіпкерлер мен инженерлер де ұшты: Джефф Элгин, Клинт Келли III, Аарон Ньюман, украиналық бизнесмен Виталий Островский және аты-жөнін жасыруды қалаған тағы бір қатысушы бар.

Blue Origin миссиясы бүкіл әлемге онлайн көрсетілді. Миллионнан астам көрермен алғашқы қазақ әйелдің ғарышқа көтерілу сәтіне куә болды. 

Қоса кетейік, Дананың ғарышқа сапарының нақты құны Blue Origin тарапынан ресми жарияланған жоқ. Алайда ашық деректерге сүйенсек, New Shepard кемесіндегі билет бағасы шамамен 200 мыңнан 1 миллион долларға дейін (108–540 млн теңге) тұрады. Кей жағдайларда баға 4 миллион долларға (2,1 млрд теңге) дейін жетуі мүмкін. Қатысу үшін алдын ала 150 мың доллар (81 млн теңге) депозит төлеу қажет. Ал алғашқы билет 2021 жылы аукционда 28 миллион долларға (шамамен 12 млрд теңге) сатылған.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.