AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көненің көзі, әуеннің өзі....

Көненің көзі, әуеннің өзі....

Әлеумет 05.03.2025, 16:26 1,241
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Сурет: aqshamnews.kz

Бостандық ауданындағы №68 бөбекжай-балабақша шаңырағында «Музыкалық аспаптар және олармен жақын танысу» атты  қалалық семинар өтті. «Бұл ән бұрынғыдан өзгешерек...» деп Шәкәрім бабамыз айтқандай, шындығында бұл   тағылымы зор кеш болды.  Көнеден жеткен  аспаптардың күмбірі бақша ішін кернеп, бүлдіршіндер музыка құдіретіне тәнті болды.  

-«Біртұтас тәрбие»  бағдарламасын негізге ала отырып, осы тақырыпқа тоқталдық.  Кішкентай бүлдіршіндер  домбыраны жақсы біледі. Өйткені, ұлтымыздың құнды да,  киелі аспабы  кез-келген отбасының төрінен табылады.  Ал, сазсырнай мен қылқобызды  көре бермеуі мүмкін. Сондықтан, балақайлар өз ұлтының бай мұрасымен сусындап өссін деп, осы тақыты таңдадық.  Жалпы,  баланың жан-жақты дамып, толық қалыптасуы  үшін  музыканың  алар орны ерекше. Музыка- адам жанының емшісі. Ол адамға  мотивация беріп,  өмірге деген құштарлығын оятады. Әдемі әсер, нәрлі  ой туғызады. Халқымыздың музыкалық аспапта  орындалатын әндері  балаларға   берілетін тәрбиенің   қайнар көзі іспетті.  Кезінде ұлы Абай  атамыз «ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деп тегін айтпаған ғой.  Иә, бала ойын арқылы  өсіп,  ойын арқылы  дамиды.  Ал, музыка арқылы олардың эстетикалық талғамы  дамиды,-дейді   балабақша меңгерушісі Бағдат Алтынбекқызы.

Бөбекжай-балабақшаның музыка жетекшісі Ғалымжан Шәріпов  музыкалық  жоғары білімі бар, бірнеше аспапта шебер  ойнайтын жан-жақты маман.  Семинар барысында әрбір аспаптың шығу тарихын айтып, таныстырып отырды. Балалар экран ақылы көрсетілген аспапты даусынан танып,  музыкаға деген  қабілеттіліктерін танытты. Балалар музыка аспабыныңорындалуына ғана емес  оның дыбысталуына да  мән беріп отырды. Бұл күні өнерпаз ата-аналар домбыра, баян, шертер, сазсырнаймен қатар,  ең көне үрмелі аспап түрі  саксафонда ойнады.  Қатысушылардың да жандары жадырап, рухани демалып қайтты.

«Музыка-жанды жадыратады. Өнерді түсініп өскен баланың өресі биік, адами қасиетке бай болады. Бәлкім, осы балаларымыздың арасынан     болашақ өнер адамының  шықпасына кім кепіл,- дейді  ризашылық білдірген ата-аналар да.  Енді бір сәтте  қонақтар педагог-психолог  А.Құрасбаеваның сергіту  сәтіне қатысты.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бөбекжай-балабақша #Семинар #Музыка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);