ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Коммуналды қызмет бағасы негізсіз өссе, қайда жүгі...

Коммуналды қызмет бағасы негізсіз өссе, қайда жүгіну керек?

Мұны білген жөн 16.09.2025, 12:55 573
Коммуналды қызмет бағасы негізсіз өссе, қайда жүгіну керек?
depositphotos.com
Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «коммуналкаға» қатысты жұмыс тәртібін түбегейлі өзгертетін бұйрыққа қол қойды. Tengrinews.kz тұрғындарды не күтіп тұрғанын және енді түбіртектер...

Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев "коммуналды қызметке" қатысты жұмыс тәртібін түбегейлі өзгертетін бұйрыққа қол қойды. Енді түбіртек қалай келеді жәнеол негізсіз өссе не істеу керек? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

Бір бума түбіртектің орнына – бір шот

Министрдің айтуынша, басты жаңалық – бірыңғай төлем құжаты (БТҚ). Енді жарық, су, жылу мен қоқысқа бөлек-бөлек түбіртек алудың орнына, тұрғындар бір ғана ортақ шот алады. Оны арнайы бірыңғай есеп айырысу орталықтары (БЕО) ұсынады. Әкімдіктер оларды конкурс арқылы тағайындайды.

Құжатты жеке кабинеттен онлайн немесе өтініш беріп, қағаз түрін де алуға болады.

БЕО қалай жұмыс істейді?

БЕО тұрғындар мен қызмет жеткізушілер арасындағы делдал болады. Олар:

  • жеткізушілерден деректер жинайды,

  • түбіртектерді қалыптастырады,

  • төлем қабылдап, оны транзит шоттар арқылы бөледі,

  • қателерді түзетіп, есептің дұрыс болуына жауап береді,

  • деректер базасын және тұрғындарға арналған жеке кабинеттерді жүргізеді,

  • шағымдар мен өтініштерді қарайды.

Яғни барлық коммуналдық төлем бір "терезе" арқылы өтетін болады.

Төлемдің жаңа мерзімі

Енді бүкіл ел бойынша бірыңғай мерзім белгіленді. Коммуналды қызметтер әр айдың 25-іне дейін төленуі керек. Бұрын әр өңір немесе компания өз ережесін қоя алатын, енді бәрі ортақ болады.

Қызмет сапасыз болса, не істеу керек?

Егер су өшіп қалса немесе жылу дұрыс берілмесе, ал жеткізуші мәселені шешпесе, тұрғындар акт жасап, өтініш жаза алады. Көпқабатты үйлерде бұл құжатты көршілермен немесе ОСИ төрағасымен бірге қол қою қажет. Фото, видео дәлелдер қоса беріледі де, жеткізушіге жолданады. Егер дау шешілмесе, сотқа жүгінуге болады.

Қорытындылай келе:

  • Бірнеше түбіртектің орнына бір шот болады.

  • Онлайн және қағаз түрінде қолжетімді.

  • Ақша транзиттік шоттарға түсіп, үш күнде бөлінеді.

  • Әкімдіктер есеп айырысуды қадағалайды, БЕО қателерді түзетуге міндетті.

  • Жүйе орталықтандырылады, яғни БЕО-да ақау болса, бірден көп адамға әсер етеді.

Өзгерістер 20 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Коммуналды қызмет бағасы негізсіз өссе, қайда жүгіну керек?

1. Түбіртекті мұқият тексеріңіз.
Алдымен тарифтерді, пайдаланылған қызмет көлемін және қосымша есептеу бар-жоғын қараңыз. Егер көрсетілген сандар күмән туғызса, оларды арнайы құрылғылардың деректерімен және алдыңғы төлемдермен салыстырып көріңіз.

2. Қызмет көрсетуші компанияға хабарласыңыз.
Егер баға сәйкеспей жатса, басқарушы компанияға немесе коммуналдық қызмет көрсететіндерге ("Алматы жылу жүйесі", "Алматы Су", "Астана-Жылутранзит" және т.б.) жүгіну қажет. Байланыс телефондары түбіртекте көрсетіледі. Ең дұрысы – мәселені жазбаша түрде баяндап, ресми түсіндірме талап ету.

3. Мемлекеттік органдарға шағым түсіріңіз.
Компания жауап бермесе немесе төлемді қайта қараудан бас тартса, шағымды Табиғи монополияларды реттеу комитетіне немесе жергілікті әкімдікке жолдауға болады. Ол үшін арыз, түбіртектің көшірмелері және басқа да дәлел құжаттар қажет.

Бұл саладағы уәкілетті орган – Экономика министрлігінің Антимонополиялық департаменті. Ол монополистердің тарифтерін бекітеді және олардың дұрыс қолданылуын қадағалайды.

4. Онлайн шағым беру.
Ең оңай жолы – E-otinish онлайн-платформасы арқылы Комитетке немесе өз қалаңыздың әкімдігіне өтініш жолдау. Бұл қызмет арқылы қазақстандықтар әкімдіктерге, министрліктерге, комитеттерге, агенттіктерге және басқа да мекемелерге кезексіз әрі кедергілерсіз жүгініп, өтініш бере алады.

5. Ұжымдық шағым.
Егер басқа да тұрғындар бағаға қатысты наразылық танытса, көршілермен бірігіп, ортақ өтініш жасауға болады. Ал егер дау бейбіт жолмен шешілмесе, соңғы амал – сотқа жүгіну.

Қажет нөмірлер:

  • "Алматы жылу желісі": +7 727 341 0777, +7 701 027 1120 (WhatsApp)

  • "Алматы Су" call-орталығы: 3-777-444, 396-95-70, 376-83-50, 234-32-93, 234-32-92, 398-89-33

  • "Астана-Жылутранзит": 77-12-74, 77-12-02, 109 iKomek

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.