Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көліктің ұрланбағанына қалай көз жеткізуге болады?

Көліктің ұрланбағанына қалай көз жеткізуге болады?

Әлеумет 20.12.2023, 04:49 766
Көліктің ұрланбағанына қалай көз жеткізуге болады?
Сурет: ашық дереккөз

Кез келген адамға көлік таңдау - өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Түрлі модельдің ішінен талғамыңызға тап келгенін таңдау оңайға соқпайтыны анық. Кейбірі сәтті көлік сатып алып, кейін оны сатып пайда тауып жатады. Енді бірі ұрланған көліктерге кезігіп ақшасынан да, көлігінен де айырылуы ықтимал. Massaget.kz тілшісі көлік аларда неге мән беру керегіне шолу жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Нөмірлер, автокодтарға мән беру


Әрине, автокөлік сатып аларда сауатты тексерістен өткізсеңіз ұрланған көлікті сатып алудан сақ боласыз. Ең алдымен нөмірлер мен автокодтарға мән беріңіз. Темір тұлпарды тексерген кезде мотордағы, корпустағы нөмірлерге, кодтарға назар аударыңыз. Тіпті минималды түзетулердің немесе сызаттардың болуы - бұл машинаны сатып алудан бас тартуға себеп. Әріптер мен код сандары арасындағы қашықты мұқият тексеріңіз. Ол барлық жерде бірдей болуы керек.


Моторда және автокөліктің басқа элементтерінде бар нөмірлерді тиісті техникалық құжаттамадағы, сервистік кітаптардағы енгізілген сандармен салыстыру қажет. Егер қымбат шетелдік көлікті сатып алмақ болсаңыз, бұл жұмыстарды арнайы маманға тапсырған абзал. 


Көлік қаңқасын тексеру


Бұл процесті бастамас бұрын иесінен жұмыс барысында қандай элементтер, бөлшектер ауыстырылғанын сұраңыз. Егер сатушы ештеңе ауыстырылмағанын хабарлаған жағдайда жарықшамдарда, әйнектерде, әртүрлі қондырғыларда бар белгілерді, кодтарды тексерген жөн. Қарапайым тексеріс арқылы сатушы сөзінің жалғандығын аңғарасыз. 


Көбіне тәжірибесі жоқ сатып алушыларға мұндай күрделі тексеріс қиынға соғады. Егер сіздің көлікке қатысты біліміңіз таяз болса, бұл жұмыстарды сенімді көлік сарапшысына тапсырған абзал. Өйткені олардың тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір мүмкіндіктері бар. Мәселен, көлік туралы ақпарат сұрап, тиісті органдарға жүгіне алады. Бірақ олардың жұмысының ақысын өзіңіз төлеуге тура келеді.


Ұрланған автокөлік сатып алу ықтималдығын азайту үшін сіз жеке адамдардан емес, сенімді салондардан көлік таңдай аласыз. Бірақ бұл жағдайда да негізгі құжаттаманы тексеруді ұмытпау керек.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #тексеру #Таңдау #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.