AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көлік ұрлаудан қалай қорғануға болады?

Көлік ұрлаудан қалай қорғануға болады?

Заң мен тəртіп 02.07.2025, 17:22 842 yakiya
Көлік ұрлаудан қалай қорғануға болады?
Элеонора Якия

Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің тұрақ алаңында блогердің басынан осындай жағдай өткен.

Әлеуметтік желілерде көлік ұрлаудың жаңа схемасы туралы айтылған видео кеңінен тарап жатыр.

Бұл схемаға блогер тап болған. Оның айтуынша, алаяқтар көліктің кілтінен шығатын сигналды бұғаттайды, ал жүргізуші күмәнданбай, автокөлігін құлыптанды деп ойлап, кетіп қалады. Арада бірнеше минут өткенде көлік ішіндегі заттар ұрлануы немесе көліктің өзі жоқ болуы мүмкін. Мұндай жағдай Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің тұрақ алаңында блогердің басынан өткен.

Кілт сигналы қалай бұғатталады?
IT-маман Сергей Демидовтың айтуынша, бұл құрылғы ұялы байланысты өшіру үшін іс-шаралар немесе емтихандар кезінде қолданылатын құрылғыларға ұқсас.

"Джаммер – бұл шағын құрылғы, ол автокөлік кілтінен шығатын радиосигналды бұғаттайды. Яғни, жүргізуші "Құлыптау" батырмасын басады да көлік жабылды деп ойлайды, бірақ сигнал шын мәнінде көлікке жетпейді", – деп түсіндіреді сарапшы.

Ұрлық қалай жасалады?
Сценарий қарапайым:

жүргізуші көлікті тұраққа қойып, "Құлыптау" батырмасын басады;
сол сәтте маңайда құрылғы қосулы тұрады, ол сигналды бұғаттайды;
көлік ашық күйінде қалады, ал жүргізуші мұны тексермей, кетіп қалады;
қаскөй көлікке оп-оңай отырып, ішіндегі заттарды алып кетеді немесе көлікті айдап әкетеді.
Қалай қорғануға болады?
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мынадай қосымша шараларды қабылдау қажет:

электрондық және механикалық ұрлыққа қарсы құрылғылар мен GPS-маяктарды қамтитын заманауи қорғау кешендерін орнату;
көлік ішінде құжаттар мен бағалы заттарды қалдырмау.
Сарапшы сондай-ақ, тек брелокқа сеніп қоймай, есіктердің шынымен жабылғанын қолмен тексеруге кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #ұрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);