Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited...

Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Әлеумет 25.04.2024, 10:41 1,239
Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Сурет: Gov.kz

Аталған меморандумның мақсаты – халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы демалыс алаңдарында СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдерге қызмет көрсету станцияларын монтаждау және пайдалану жөніндегі жобаны өрістету


Аталған жоба Қазақстанда экологиялық таза көліктердің одан әрі таралуына ықпал ете отырып, электромобиль иелері үшін ыңғайлы және қолжетімді инфрақұрылым құруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 


Айта кетерлігі, бұл келісім СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысты көрсетеді. Осы стратегиялық әріптестікте ҚР Көлік саласындағы инновациялық шешімдерді интеграциялау саласындағы танылған көшбасшы – Car Pad Transformer Limited Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің серіктесі болмақ.


Ынтымақтастық аясында орнатылатын станциялар автомобиль қозғалысының барлық қатысушысы үшін қолайлы мультисервистік ортаны қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Олардың құрамына электромобильдерді зарядтауға арналған нүктелер, сауда алаңдары кіреді. Ол осындай алаңдарды автомобильдерге қызмет көрсету орны деп қана шектелмей, сонымен қатар жүргізушілер мен жолаушылар үшін ыңғайлы демалыс орнына айналдырады.


ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен Car Park Transformer Limited арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою елдегі экологиялық таза көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа перспективалар ашып, орнықты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуге бағытталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік министрлігі #Car Park Transformer Limited #Ынтымақтастық #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.