Алматыдағы Көк Төбе аумағында референдумға дейінгі күндердің кері санағы іске қосылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Телемұнарада орнатылған арнайы таймер маңызды оқиғаға дейін қанша уақыт қалғанын айқын көрсетіп тұр.

Кешкі және түнгі уақытта мұнарада жарқын тақырыптық жарық шамдары қосылады: мемлекеттік рәміздер, ұлттық ою-өрнектер, референдум өтетін күн - 15 наурыз, сондай-ақ қалған күндер саны бейнеленген.

Әсем жарық безендіруін оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары жоғары бағалап, оны алдағы дауыс беру күнін еске салатын ерекше көрініс ретінде атап өтті.