ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кіші Арал суының деңгейін көбейтуге айтарлықтай мү...

Кіші Арал суының деңгейін көбейтуге айтарлықтай мүмкіндік болады - Президент

Әлеумет 20.01.2026, 12:39 154
Кіші Арал суының деңгейін көбейтуге айтарлықтай мүмкіндік болады - Президент
Сурет: Akorda.kz
Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, - деп...

Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

- Өткен ғасырдың ортасында адамзат баласы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа аттанғаны бүкіл әлемге белгілі дерек. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи өлке жаңа дәуірде де ойдағыдай дамуда. Қызылордағы келіп тұрып Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Аралды құтқару барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәсені халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, Кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады.

- Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ, бұл тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес. Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші елдерден алады. Дарияның басында тұрған елдердің су саясатына байланысты Сырдың суы теңізге әр кезде әртүрлі көлемде жетеді, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, көптеген түйткілді шешу шебер дипломатияға байланысты.

- Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет. Су еліміз үшін стратегиялық ресурс, - деді Президент.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.