ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кім офиске келмей, қашықтан жұмыс істей алады?

Кім офиске келмей, қашықтан жұмыс істей алады?

Әлеумет 13.11.2025, 11:10 323
Кім офиске келмей, қашықтан жұмыс істей алады?
depositphotos.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, кез келген қызметкердің қашықтан жұмыс істеуіне болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, кез келген қызметкердің қашықтан жұмыс істеуіне болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қашықтан жұмыс істей алу мүмкіндігі қызметкердің де, жұмыс берушінің де бастамасымен анықталады. Кодексте мұндай жұмысты атқаратын қызметкерлердің нақты шеңбері көрсетілмегендіктен, тараптардың келісімі бойынша кез келген қызметкерге ұйымдастыруға болады. Әдетте бұл мүмкіндік:

жұмыс пен бала күтімін біріктіретін адамдарға,
уақытша еңбекке жарамсыз болғандарға,
шалғай елді мекендерде тұратын қызметкерлерге,
сондай-ақ басқа да ерекше жағдайдағы жұмысшыларға ұсынылады.

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс уақыты еңбек шарты немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленеді, күнделікті ұзақтығы мен бақылау ерекшеліктеріне шектеулер сақталады. Сонымен қатар еңбек ақы қызметкердің біліктілігіне, жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай төленеді.

Министрлік атап өткендей, төтенше немесе әскери жағдайлар, карантин сияқты шектеу шаралары жарияланған кезде, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыс беруші қашықтан немесе аралас жұмыс режимін уақытша енгізуге құқылы. Бұл ретте қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, ақпараттық технология құралдарымен, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету және шығындарды өтеу жұмыс берушінің жауапкершілігінде.

Министрлік мәліметінше, қашықтан жұмыс тәртібі қазіргі замандағы еңбек нарығының икемділігін арттыруға, азаматтардың жұмыс пен жеке өмір арасындағы балансын сақтауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.