ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Келесі пандемияға себеп болуы мүмкін бактериялар м...

Келесі пандемияға себеп болуы мүмкін бактериялар мен вирустар аталды

Әлем 24.08.2024, 14:20 1,311
Келесі пандемияға себеп болуы мүмкін бактериялар мен вирустар аталды
Cурет: Islam.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) болашақта пандемияға бастауы мүмкін ең қауіпті вирустар мен бактериялардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) болашақта пандемияға бастауы мүмкін ең қауіпті вирустар мен бактериялардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім еткен.

 Қазіргі уақытта аталмыш тізімге 30-дан астам ықтимал қауіпті қоздырғыштар, соның ішінде А тұмауы вирустары, қанды безгегі (денге) және маймыл шешегі кіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірінші кезектегі патогендерді олардың пандемия сияқты денсаулыққа қатысты төтенше жағдайды тудыру мүмкіндігіне немесе қауіп деңгейіне қарай анықтады. Соның ішінде, жұғу деңгейі, патогенділігі, сондай-ақ, екпе мен емдеу мүмкіндіктерінің шектеулілігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланды. Ғалымдар бұл тізімді жасауға екі жылдай уақыт жұмсап, вирустар мен бактерияларды қоса алғанда патогендердің 1,6 мыңнан астам түрін зерттеді. Тізімге қандай қоздырғыштар кірген?

Ең басым патогендердің қатарында коронавирустар, соның ішінде жаһандық COVID-19 пандемиясын тудырған SARS-CoV-2 вирусы бар. Тізімде, сонымен қатар, Таяу Шығыс респираторлық синдромын тудыратын MERS-CoV вирусы кіретін мербековирустар да кездеседі. Басқа қауіпті қоздырғыштарға 2022 жылы күллі әлемде жұқпалы індетке айналған маймыл шешек вирусы, сондай-ақ, А тұмауы вирусының алты кіші түрі, атап айтқанда, Америка құрама штаттардағы ірі қара малды баудай түсірген H5 қосалқы түрі жатады. Бактериялардың ішінде тырысқақ, оба, дизентерия, диарея және пневмония сияқты ауруларды тудыратын түрлері қамтылған. Бұлардан бөлек, тізімге таяуда адамдарға жұққан, кеміргіштер арқылы таралатын екі вирус және жарғанат арқылы таралатын Nipah virus-ы қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.