ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Келешек» кемел болуы үшін...

«Келешек» кемел болуы үшін...

Әлеумет 19.06.2025, 11:38 2,258
 «Келешек» кемел болуы үшін...
gov.kz
12 мамырдан бастап бес жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар «Келешек» жүйесі аясында Отбасы банкінде AQYL білім беру жинақ салымын аша алады.

12 мамырдан бастап бес жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар «Келешек» жүйесі аясында Отбасы банкінде AQYL білім беру жинақ салымын аша алады.

Еліміздегі мектеп жасына дейінгі балалар саны 2 миллионнан асады, бұл халықтың 10 пайызы. Олардың білім алуына қолдау көрсету мақсатында «Келешек» жүйесі енгізілді. Бұл жүйе отбасыларға балалардың оқуына қаржы жинауға мүмкіндік береді.

Energyprom мәліметінше, «Келешек» жүйесі бес жастан бастап балаларды қамти отырып, мемлекеттік бастапқы білім беру капиталын, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақыны және инвестициялық табысты қарастырады. Бағдарламаның серіктестері ретінде мына банктер көрсетілген: Отбасы банкі, Halyk Bank, Jusan Bank, Нұрбанк, ВТБ Банкі; сондай-ақ мына сақтандыру компаниялары: «Евразия» сақтандыру компаниясы, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы, «Халык-Life», Standard Life, және Nomad Life.

Бұл шотқа мемлекет тарапынан бастапқы капитал аударылады – 60 АЕК (235 920 теңге), ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 120 АЕК (471 840 теңге). Егер бала 2025 жылдың басына дейін бес жастан асқан болса, бастапқы капитал қарастырылмайды. Маңызды ескерту: «Келешек» бойынша жиналған қаражатты «Ұлттық қор – балаларға» жобасындағы қаржымен біріктіруге болады.

Бағдарлама 5 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кезеңде балалардың атына қаржы жинауды тұрақты түрде жүргізуге арналған. Жиналған қаражатты ел ішінде де, шетелде де білім алуға – жоғары, техникалық және кәсіптік білімге – пайдалануға болады.

Мемлекеттен бастапқы капитал: биыл 5 жасқа толған балаларға – 60 АЕК (235 920 теңге); ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға – 120 АЕК (471 840 теңге); екінші деңгейлі банктің сыйақысы немесе өмірді сақтандыру компаниясының инвестициялық табысы; жыл сайын 5–7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төленеді. Шот ашылғаннан кейін ата-аналар балалар үшін жыл сайынғы ең төменгі жарнаны енгізуі керек: СУСН балалары үшін – 12 АЕК (айына шамамен 4 мың теңге), қалған балалар үшін – 24 АЕК.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.