AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кейбір автокөліктер ақылы жолдарда да тегін жүре а...

Кейбір автокөліктер ақылы жолдарда да тегін жүре алады

Әлеумет 15.08.2025, 17:38 742 yakiya
Кейбір автокөліктер ақылы жолдарда да тегін жүре алады
Элеонора Якия

 "ҚазАвтоЖолдың" мәлімдеуінше, "Автомобиль жолдары туралы" заңға сәйкес, бірқатар көлік құралы ақылы автомобиль жолдарынан өтуде төлемнен босатылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жолды тегін пайдаланатын көліктер 3 санатқа бөліп қарастырылған. 

1. Қызметтік міндетін атқару кезінде: 
– жедел медициналық жәрдем;
– авариялық-құтқару қызметтері;
– құқық қорғау органдары;
– көліктік бақылау органдары;
– арнаулы мемлекеттік органдар;
– ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар;
– Ұлттық оператор және жекеше әріптеске тиесілі, жолды күтіп-ұстауға арналған арнайы техника;
– жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті органның арнайы көлігі.

2. Қала маңындағы және іргелес елді мекендер қатынасында:
– аудан немесе облыс орталықтарына, астанаға және республикалық маңызы бар қалаларға қатынайтын тұрақты жолаушылар автобустары;
– бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген автобустар;
– жүк көліктері мен ауылшаруашылық техникалары – су тосқауылдары мен теміржол өткелдерін кесіп өту үшін;
– бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері.

3. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері:
– Бұл көліктердің мемлекеттік нөмірлері арнайы топқа енгізіліп, ақылы жолдағы бақылау жүйесінде төлем алынбайды.
Жеңілдікті алу үшін тиісті санат өкілдері "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға ресми өтінім жіберіп, көлік нөмірін және автобустар үшін маршрут парағын қоса ұсынуы қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #тегін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);