Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Каспий теңізінің табаны арқылы байланыс желісі сал...

Каспий теңізінің табаны арқылы байланыс желісі салынады

Әлеумет 26.01.2024, 05:58 1,181
Каспий теңізінің табаны арқылы байланыс желісі салынады
Сурет: dzen.ru

Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады




Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақтелеком» компаниялар тобының былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.


Президентке 2025 жылдың соңына қарай 5G желісін жедел енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы да баяндалды.



Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, 7 мыңнан астам базалық станция салу жоспары әзірленген. «Қазақтелеком» – ТМД кеңістігінде 5G технологиясын іске қосқан алғашқы және жалғыз компания.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына қызмет сапасын жақсарту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Биыл компанияның 63 мың абонентінің ескірген мыс желісін заманауи оптикалық желіге ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ 50 мың тұтынушы модемінің технологиялық жабдықтары жаңартылады.


Сонымен қатар Президентке Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің табаны арқылы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасының іске асырылу барысы таныстырылды. Бұл жоба Қазақстанның аса маңызды өңірлік телекоммуникациялық хабқа айналуына, ел аумағынан өтетін халықаралық трафик транзитін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық және әлеуметтік салаларды цифрландыру өте маңызды екенін атап өтті. Себебі қазір жаңа телекоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін айқындайды.


Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын заманауи телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттігіне де назар аударып, компанияның барлық инвестициялық жобасын уақытылы іске асыруды тапсырды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каспий #қазақтелеком #Байланыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.