Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Каспий құбыр желісіне тәулік сайын 260 мың тоннада...

Каспий құбыр желісіне тәулік сайын 260 мың тоннадан астам мұнай тиелуде

Әлеумет 16.11.2022, 09:12 1,048
Каспий құбыр желісіне тәулік сайын 260 мың тоннадан астам мұнай тиелуде
Сурет: Inbusiness.kz
Жақында бір құрылғы іске қосылды.

Жақында бір құрылғы іске қосылды.


 Каспий құбыр консорциумында тәулік сайын 260 мың тоннадан астам мұнайды тиеу жүріп жатыр. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Тәулік бойы тиеліп жатқан көлемге қатысты айтатын болсақ, қазір екі айлақтағы құрылғы арқылы 260 мың тоннадан астам мұнай тиеліп жатыр», - деді М. Мырзағалиев тілшілер сұрағына жауап бере отырып.



Компания басшысы мұнай тиеу үш құрылғы (VPU) арқылы іске асырылатынын және оның екеуі үнемі жұмыс істеп тұруы керек екенін айтты. Ал үшіншісі резервте тұруы тиіс.



«Жақында бір құрылғы іске қосылды. Қазір Каспий құбыр консорциумында үш құрылғының екеуі арқылы мұнай тиеу жүріп жатыр. Үшінші құрылғыны жөндеу бойынша жұмыстар басталды», - деді М. Мырзағалиев.



Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 қарашада Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы бірінші құрылғысы жөнделгені айтылды.


Жақында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумында жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын хабарлаған еді.



«Қазан айында консорциумдағы екі қондырғыны жөндеуді аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ ауа райына байланысты бұл жұмыстар тоқтатылды. Менің ойымша, алдағы екі-үш күнде теңіздегі №1 қондырғыны жөндеу жұмыстары аяқталады. Одан кейін бірден екінші қондырғыны жөндеу басталады. Оны жөндеу шамамен екі-үш аптада аяқталады», - деді Ә. Смайылов Сенаттың отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.