конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет /  Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа с...

 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады

Әлеумет 10.01.2025, 12:46 1,045
 Кәсібилік және еңбекқорлық  біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
almaty-akshamy.kz

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Президентіміз тұжырымдағандай, еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтары біздің қоғамымызда әрқашан бірінші орында болуы тиіс. Дәл осы мамандардың арқасында біздің ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасады. Бәсекеге қабілетті экономика мен елдің тұрақты прогресі үшін әртүрлі салалардың еңбек мамандықтарының беделін жүйелі түрде арттыру қажет.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі – шамамен, 75 жыл бойы Қазақстанның шағын және орта бизнесі үшін мамандар даярлап келе жатқан табысты оқу орындарының бірі. Колледждің білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленеді, осылайша студенттер кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды игеріп, өз бизнес жобаларын жүзеге асыра алады. «Жас маман» жобасы аясында болашақ аспаздар мен наубайшылар үшін зертханалар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, Құзіреттілік орталықтары жұмыс істеуде. Колледждің оқытушылары Швейцарияда, Германияда және Францияда халықаралық тағылымдамадан өтеді.

Біздің түлектеріміз өз бизнесін құруға бағдарланады, оқу бағдарламаларымыз болашақ бухгалтерлер, маркетологтар мен менеджерлердің кәсіпкерлік дағдыларын, инновацияларды және креативтілікті, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді. Олар табысты бизнестің ажырамас бөлігіне айналады. Түлектеріміздің  кәсіби дағдылары мен білімдері компаниялардың нарықтағы тұрақты дамуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Колледждер алдында тұрған негізгі міндет – жастар мен жұмыс берушілер және инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналу. Осы мақсатта біздің колледж дуальды оқытуды белсенді түрде дамытып, мемлекеттік тапсырыс аясында нақты кәсіпорындар үшін кадрларды мақсатты даярлауды кеңейтеді, халықаралық салалық стандарттарды енгізуге және түлектерді сертификаттауға дайындалады. Икемді тәсілдерді қолдану және мансаптық мүмкіндіктерді дамыту жастардың еңбек мамандықтарына қызығушылығын едәуір арттыра алады.

Мемлекет басшысы ел азаматтарын елімізге адал қызмет етуге, сапалы білім алуға және тынымсыз еңбек етуге шақырды. Колледж ұжымы мен  студенттері Президенттің бастамасын қолдайды және еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосу үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #жұмыс #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22

Ашықтық пен сенім: Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлаудың ашықтығын қандай тетіктер қамтамасыз етеді

Бүгін 17:19

“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);