AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіби қабылдаушы отбасы деген не?

Кәсіби қабылдаушы отбасы деген не?

Әлеумет 31.05.2025, 11:32 1,017 yakiya
Кәсіби қабылдаушы отбасы деген не?
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанда 1 шілдеден бастап отбасыға қатысты жаңа нысан пайда болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанда 1 шілдеден бастап елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі – "Кәсіби қабылдаушы отбасы" енгізіледі.

Оқу-ағарту министрлігі бұл уақытша шара балаларға қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын жасауға бағытталғанын айтты.

"Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіледі. Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды",- делінген ақпаратта.

Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар ғана орналастырылады:​

жетім балалар;
​ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
панасыз және қараусыз қалған балалар;​
​зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар.
Ведомство ақпаратынша, қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде жетім балаларға арналған арнайы ұйымдар мен балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін аккредиттелген мекемелерде психологиялық дайындықтан өтеді.

Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.

Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған.

Айта кетейік, елімізде балаларды орналастырудың төрт түрі бар:

асырап алу,
қамқоршылық,
патронат,
қабылдаушы отбасы.
Министрлік балалар анықталған бойда интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға жіберілетіндігін, бұл олардың отбасы жылуын сезінуіне мүмкіндік беретіндігін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #заң #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);