ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіби білікті мамандар ұлт сапасын арттырады

Кәсіби білікті мамандар ұлт сапасын арттырады

Әлеумет 14.01.2025, 10:40 788
Кәсіби білікті мамандар  ұлт сапасын арттырады
almaty-akshamy.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, эконо-микалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, эконо-микалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау керектігін атап көрсеткен болатын.

Қоғамдағы еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер жоғары бағалануға тиіс. Бүгінгі таңда еліміздегі 770-тен астам колледжде түрлі жұмысшы кадрлар даяр­ланып жатыр. Бұл бастама қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген үлкен қолдау мен қамқорлық деп білемін.

Алматы технология-экономикалық колледжі («АТЭК» ЖШС)   жеңіл өнер­кәсіп, бизнес және қызмет көрсету сала­сында сұранысқа ие «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» («тігінші» біліктілігі), «Тамақтандыруды ұйымдастыру» («кон­дитер-безендіруші» және «аспаз» білік­тілігі), «Қонақүй бизнесі» («әкімші» білік­тілігі), «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» («наубайшы» біліктілігі) маман­дықтары бойынша жұмысшы кадрларды даяр­лап келеді.  Бүгінде  колледжде  2000-нан астам  жас білім алуда. Оның 700-ге жуығы – болашақ білікті жұмысшы кадр­лар. Оқу орны заман талабына сай оқу кабинет­терімен, зертханалармен, техника­лық оқу құралдарымен жабдықталған. Бұл талапкерлер мен білім алушылардың аталған мамандықтарға деген қызығушы­лығын арттырары сөзсіз.

«АТЭК» «дуальды оқыту» бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде  білікті жұмысшы кадрларды кәсіпорындарға даярлау жүйесін іске асыруда.  Колледжі­міз  жұмыс берушілер  мен жұмысшы кадр­ларды байланыстыратын дәнекер ретінде түрлі өндіріс орындарымен өнімді жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар,  АТЭК білім алушылары жас мамандардың негізгі дағдыларын қалыптастырып, білімін жетілдіру мақсатында ұйым­дастырылатын WorldSkills чемпионат­тарына  жыл сайын дәстүрлі түрде қатысып, жүлделі орын­дарға ие болып жүр.

Болашақ  жұмысшы кадрлар нені біліп, қандай  дағдыларды меңгеруі керек? Халықаралық стандарттар бойынша маман­дар жұмыс беруші талаптарына сай болуы қажет. Колледждер тарапынан жыл сайын қаншама маман нарыққа шығуда, бірақ барлығы бірдей жұмыс тауып кетеді деген сөз емес. Ол үшін кәсібилік те талап етіледі. Алматы технология-экономикалық колледжінің басты мақсаты – жұмысшы кадрларымыздың еңбек нарығында сұра­ныс­қа ие болуына ықпал ету. Осыған сәйкес, кадр даярлау мәселесінде оқу бағдарламасы өндіріс қызметкерлерімен бірігіп дайындалады. Бұл өз кезегінде өнімді еңбек нәтижесін беруде.

Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда сый-құрметке ие. Президентіміз тұжырымдағандай, ең бастысы, «әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс». Демек, қандай да бір саланы игеру үшін адамға еңбек ету керек. Сонда ғана еліміз дамудың даңғыл жолына түспек. Жұмыс­шы қадрларды қолдау мақса­тында алда талай игі бастамалардың жүзеге асаты­нына сеніміміз мол. Себебі, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырары хақ.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.