конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Канье Уэст алғаш рет Қазақстанда концерт береді

Канье Уэст алғаш рет Қазақстанда концерт береді

Мәдениет 17.07.2026, 14:55 228
Канье Уэст алғаш рет Қазақстанда концерт береді

Америкалық рэпер Ye, көпшілікке Канье Уэст есімімен танымал музыкант, алғаш рет Қазақстанға үлкен концертпен келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Блогер Бейбіт Әлібековтің мәліметінше, шоу Алматыда өтеді. Концерт 2026 жылдың 14 тамызында Алматының Орталық стадионында ұйымдастырылады. Іс-шараны өткізетін First Media Group компаниясы концерт туралы толық ақпаратты кейінірек жарияламақ.

Ye концертінің шектеулі билеттеріне эксклюзивті алдын ала сатылым 20 және 21 шілде күндері Freedom SuperApp қолданушылары үшін қолжетімді болады.

Ал 22 шілдеден бастап билеттерді Freedom SuperApp қосымшасы мен Ticketon.kz сайты арқылы сатып алуға болады.

Ye – қазіргі заманның ең танымал әрі ықпалды рэп орындаушыларының бірі. Ол шығармашылық жолында The College Dropout, Graduation, 808s & Heartbreak, My Beautiful Dark Twisted Fantasy, Yeezus және Donda секілді танымал альбомдарын шығарған. Музыкант 20-дан астам «Грэмми» сыйлығын иеленген.

Канье Уэст музыкадан бөлек, дизайнер және Yeezy брендінің негізін қалаушы ретінде де танымал. Соңғы жылдары ол резонанс тудырған мәлімдемелері мен шығармашылығындағы өзгерістерге байланысты қоғам назарында жиі жүр. Соған қарамастан, оның концерттері әлем бойынша ондаған мың көрермен жинап келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);