ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Камчаткада 8,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Камчаткада 8,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Әлем 30.07.2025, 09:55 802
Камчаткада 8,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Сурет: oxu.az
Ресейдің Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бері тіркелген ең жойқын жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың бағалауынша, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 8,5–8,7-ге дейін жеткен, - деп хабарлайды...

Ресейдің Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бері тіркелген ең жойқын жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың бағалауынша, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 8,5–8,7-ге дейін жеткен, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 04:24-те болған.

"Қазір ғана Камчатка сейсмофокалдық аймағында 1952 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі тіркелді. Әртүрлі деректер бойынша, магнитудасы 8,7-ге дейін жетеді", — делінген Ресей ғылым академиясының Геофизика қызметінің хабарламасында.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) да осындай магнитуда көрсеткен.

Зардаптар мен жапа шеккендер

Аймақтағы балабақшалардың бірінде жер сілкінісі салдарынан қабырға құлаған. Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодовтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде ғимаратта адамдар болмаған, зардап шеккендер жоқ.

Губернатор мамандардың мектептер, медициналық мекемелер және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеріп жатқанын айтты.

Камчатка өлкесіндегі ТЖМ дерегінше, Петропавловск-Камчатский қаласында дүмпулердің күші 7–8 баллға жеткен.

Цунами Камчатка мен Солтүстік Курильскке жетті

Сахалин облысының губернаторы Валерий Лимаренконың айтуынша, Северо-Курильск қаласында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі сезілген. Жағалауға алғашқы цунами толқыны соққан.

Сахалин облысы бойынша ТЖМ қаланың бір бөлігін су басқанын хабарлады.

Камчаткада биіктігі төрт метрге дейінгі цунами толқыны тіркелген. Мұны аймақтың Гидрометеорология және қоршаған ортаны мониторингілеу басқармасы мәлімдеді. 

Басқа елдерге төнген қауіп

Ресей ТЖМ мәліметінше, Тынық мұхиты акваториясында толқындардың Жапонияның шығыс жағалауына дейін жетуі мүмкін, толқын биіктігі 32 сантиметрге дейін болуы ықтимал. Елде цунами қаупі жарияланып, пойыз қозғалысы тоқтатылған. Әуе арқылы мониторинг жүргізу үшін жойғыш ұшақтар тартылған. Жапон билігі жағалау маңындағы тұрғындарды эвакуациялауға шақырды.

Цунами туралы ескерту АҚШ-тың Аляска, Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарында да жарияланды. Филиппиндерде де ұқсас шаралар қабылданған.

Афтершоктар болуы мүмкін

Мамандардың айтуынша, алдағы бір ай ішінде өңірде магнитудасы 7,5-ке дейін жететін афтершоктар болуы ықтимал. Сейсмикалық белсенділік біраз уақытқа дейін сақталуы мүмкін.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.